Қазақстан SMIIC ұйымына мүше болды
Қазақстан SMIIC ұйымының толық құқылы мүшесі болды, - деп хабарлайды ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі.
«4 қарашада Мекке қаласында Ислам елдерінің стандарттар және метрология институтының (бұдан әрі SMIIC) Директорлар кеңесі отырысы барысында Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан атынан SMIIC-ке толық құқылы мүше ретінде кірді», - делінген хабарламада.
SMIIC жұмысына толық құқылы мүше ретінде қатысу Қазақстанның стандарттау және метрология саласында мүддесін одан әрі жүзеге асыруға, сонымен қатар, SMIIC-ке қатысу отандық тауарларды аталмыш ұйымға мүше елдерге экспорттауға мүмкіндік береді.
«Қазіргі уақытта SMIIC-тің басты мақсаты - бүкіл Ислам елдерімен және Халал өнімінің халықаралық аккредиттеу форумымен IHAF сертификаттау саласында бірыңғай стандарттар мен талаптарды жасап шығару болып табылады», - деді Сауд Арабияның Стандарттау, метрология және сапа жөніндегі ұйымның SASO Басшысы Саад Әл-Касаби.
Отырыста Директорлар кеңесінің Халықаралық стандарттау ұйымын ISO сәйкестігіне қарай стратегия және қаржы бойынша тұрақты комитеттерін құру жөнінде шешім қабылдады. Сонымен қатар, отырыс барысында басты техникалық мәселелер және стратегияны бұдан әрі дамытуды қарастырылды.
Айта кетерлігі, SMIIC Ислам ынтымақтастық ұйымының OIC ведомстволық бағынышты ұйымы. Ол мүше-мемлекеттер арасында саудадағы техникалық кедергілерді қысқартуға мүмкіндік беретін стандарттау, сертификаттау, аккредиттеу және метрология бірыңғай жүйесін құруға бағытталады.