» » Головкинның келер қарсыласы кім?

Головкинның келер қарсыласы кім?

  Қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер екінші орта салмақта WBA Super белбеуінің иегері және Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS) жеңімпазы британиялық Каллум Смиттің (25-0, 18 КО) ісін жүргізетін әріптесі Эдди Хирнмен келіссөздерді бастады. Бұл туралы talkSports тілшісі Майкл Бенсон мәлімдеді. 

Голвкин - Смит жекпе-жегі 2019 жылы "Ливерпуль" футбол клубы матчтерін өткізетін "Энфилд" стадионында болуы мүмкін. 
"Хирн бүгін Леффлермен WBA және The Ring белбеуі үшін Смит - Головкин жекпе-жегін келесі жылы мамырда "Энфилд" стадионында өткізуді талықлады", - дейді Бенсон. 
Қазан айының соңында Леффлер алғаш рет Головкин - Смит кездесуі туралы айтып, өзге британиялық Билли Джо Сондерспен (26-0, 12 КО) допингке байланысты белбеуінен айырылғандықтан онымен жекпе-жек өткізбейтінін нақтылап кеткен болатын. 
11 қараша 2018 ж. 588 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930