» » Қызылордада «Сауда үздігі-2018» байқауы қорытындыланды

Қызылордада «Сауда үздігі-2018» байқауы қорытындыланды

Биыл оған республиканың түкпір-түкпірінен 100-ден аса кәсіпорындар қатысты.
Қызылордада ведомствоаралық комиссияның отырысы өтіп, онда «Сауда үздігі-2018» республикалық байқауы қорытындыланды.
Байқау елімізде 2002 жылдан бері өткізілуде. Ереже бойынша әр жылы бас жүлде иеленген аймақ келесі байқауды өткізу мәртебесіне ие болады. Былтыр ол Атырауда өткен болса, биыл қатысушылар Сыр өңірінде бас қосты.
Республиканың әр облысынан келген қонақтар аймақтағы түрлі кәсіпкерлік нысандарын аралады. Атап айтқанда, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолы бойында орналасқан «Қызылорда» кешенінінің, «Жан Арай» ЖШС-нің, «Арай» демалыс орнының тыныс-тіршілігімен танысты.
Финалға 47 кәсіпорын өткен болса, оның 26 қызылордалықтар.
Ведомствоаралық комиссияның хаттамасына сәйкес әр түрлі номинацияларда келесі ұжымдар үздік деп танылды:
«Бөлшек сауда саласының үздік кәсіпорыны» – «Greenwich» бөлшек сауда желісі, Павлодар қаласы;
«Шағын форматты үздік кәсіпорын» – «Барсукова» ЖК, Алматы облысы;
«Көтерме сауда саласының үздік кәсіпорыны» – «АгроОптСервис» ЖШС, Ақтөбе қаласы;
«Көтерме сауда саласының үздік өндірістік кәсіпорны» – «AB Invest Group», ЖШС Қызылорда қаласы;
«Үздік сауда базары» – «Дина» базары, Атырау облысы, Атырау қаласы;
«Үздік сауда ойын – сауық орталығы, кешені, сауда үйі» – «Ярлин» СҮ Алматы облысы, Чунджа ауылы;
«Үздік жол бойы кешені» - «Гейдарова Г.» ЖК, Қызылорда қаласы;
«Үздік демалыс аймағы» - «Тау Жетысу» демалыс аймағы, Алматы облысы, Ескелді ауданы;
«Жылдың үздік басшысы» – Төлеш Шуатаева, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы;
Байқаудың Гран-приін Павлодар қалсының «БАТЫР-Павлодар» ЖШС иеленді.
Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким ел кәсіпкерлеріне толағай табыс тіледі. Шара барысында өзара ынтымақтастық туралы бірнеше меморандумдарға қол қойылды.

27 қараша 2018 ж. 521 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930