1400 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Қызылордада қауіпсіздік секторын цифрландыру шеңберінде 5 жоба жүзеге асырылады. Қазіргі таңда қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығында 272 бейнебақылау камерасы және 8 жол қозғалысы ережесін бұзу деректерін тіркейтін жүйе жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ал 2022 жылдың соңына дейін облыс орталығына 3 мың 200 камера орнатылады. Оның 1 мың 400-і келесі жылы іске қосылады. Сондай-ақ 31 жол қозғалысын қадағалау жүйесі қойылады. Бүгінде кейбір жарықтандырылмаған аулаларды түн мезгілінде бейнекамерамен бақылау қиындық туғызатыны белгілі. Жаңа қондырғылар арқылы бұл мәселе шешімін табады дейді мамандар.
Айта кетейік, Қызылорда облысы 112 біріңғай диспеnчерлік қызметін іске асыру үшін пилоттық аймақ ретінде таңдалған.
«Күнделікті 8 бейнебақылаушымен жұмыс атқарады. Оларға күнделікті жүктемесі беріледі. Сол жүктемесі бойынша жұмыс атқарылады. Ағымдағы жылдың 11 айында 69 қылмыс ашылып, 15 мың 975 құқықбұзушылық анықталды. Сол себепті қазіргі таңда қылмыстар азаюда», – дейді қалалық ПБ жедел басқару орталығының бастығы Талғат Лекеров.