Жыл басына арналған жұлдыз-жорамал
(27 желтоқсан – 2 қаңтар)
Тоқты
Маңызды шешім қабылдамас бұрын ол жөнінде мол ақпарат жинап алған дұрыс. Асығыс жасалған тәуекелден беделіңізге нұқсан келуі ықтимал. Тәкаппарлыққа бой алдырмай, өз-өзіңізге есеп беріңіз. Мансаптық жолда беймаза ойлардан арылыңыз. Адам не ойласа, сол болады
Торпақ
Апта жұмысқа қатысты жайды оңынан шешуге қолайлы болмақ. Сабыр сақтап, өзіңізге сенімділік жоғалтпасаңыз бәрі жақсы болады. Достарыңызбен түсініспеушілік орнаса да, соңы жақсы аяқталады.
Егіз
Аптада өзіңізді дамыту жолында сәттілік күтіп тұр. Күш-қуатыңызды, жігеріңізді жаныған жөн. Қызықты жаңалық, табысты танысу, маңызды кездесу жақсылыққа жол ашады.
Шаян
Махаббат мәселесінде, материалдық жағдайда барлығы сізден көмек сұрайды. Ешкімнің көңілін қалдырмаймын деп жүргенде, өз ісіңіз кейінге қалуы мүмкін. Ештеңе етпейді, оны ойлап көңіл түсірмеңіз. Біреуге жасаған жақсылық бүгін болмаса да, ертең еселеніп қайтатынын естен шығармаңыз.
Арыстан
Қаражат жоспарлап, орнымен жұмсауға талпыныңыз. Оңды-солды ақша шашып, мол шығынға кенелсеңіз, арты жақсылыққа апармайды. Қызығушылықты да ақылмен, оймен іске асырған жөн.
Бикеш
Тәуекелге бармас бұрын ой-санаңызды іске қосып, жақсылап ойланыңыз. Қиындық туған жағдайда істі тағы да кейінге қалдыра тұрған жөн болар. Сыртқы келбетіңізді өз қолайлы сәт туды.
Таразы
Апта жаңа идеяларға толы. Бір минутты да босқа өткізбеуге тырысыңыз. Өзіңізді жан-жақты жетілдіруге таптырмас кезең. Жақсы адамдармен танысуыңыз мүмкін. Мұндай таныстық өз орныңызды табуға көмектеседі.
Сарышаян
Алда күтер сәттіліктер бойыңыздағы жалқаулық пен еріншектікті жеңе білуіңізге байланысты. Досыңызға қол ұшын созсаңыз, өзіңіз де қуанышқа кенелесіз. Болашағыңызға әсер ететін маңызды жаңалықты жіберіп алмаңыз.
Мерген
Сыртыңыздан өсек-аяң жүруі мүмкін. Қаңқу сөз көбіне жақсы адам жөнінде айтылатынын ұмытпаңыз. Сол себепті іші тарлардың қармағына түсіп қалғыңыз келмесе, жағымсыз пікірді елемеңіз. Әр ортада белсенділік танытсаңыз, жоспарлаған іс өзіңіз ойлағаннан да оңай атқарылғанына куә боласыз.
Тауешкі
Өмірдің кіші сынақтарынан сүрінбей өтесіз. Күндердің бір-бірінен айнымай, біркелкі өтуі жалықтырып жіберуі мүмкін. Мұңға салынып, мойымаңыз. Біліміңізді жетілдіруге өте қолайлы сәт. Кешкі мезгілде достарыңызбен бас қосып, бір сергіп алыңыз.
Суқұйғыш
Жұмыс пен жеке өміріңізді де қатар алып жүріңіз. Біріне артық, біріне кем қарауға болмайды, екеуі де өміріңіздің ажырамас бөлшегі. Достарыңыздың да жағдайын біліп қоюды естен шығармаңыз.
Балық
Аптада қиындық туындауы мүмкін. Мойымаңыз, қателікті түсініп, дұрыс шешім қабылдаңыз. Қатты шаршап жүргендіктен, өмірге деген көзқарасыңыз өзгереді. Бойыңыздағы барлық күш қуатыңызды жинап, тек алға ұмтылыңыз. Талаптының өрге жүзетінін ойыңызда ұстаңыз.