АЯЗ АТАСЫЗ МЕЙРАМХАНА
IDEA
Қыстың бір қызығы, дала ақ мамық көрпесін бүркене жамылып, жаз бойы сайран салған тіршілік тыныштық құшағына енген сәт – алғашқы қардың жаууы болса, екінші қызығы – Жаңа жыл мерекесі. Бұл екі сәтті де көпшілік асыға күтеді. Жасыратыны жоқ, бұл күндері жаздың аптап ыстығынан, қыстың қытымыр аязы жақсырақ көрініп тұр. Тіпті, Жаңа жылды «үсті-басы ақ қырау, түсі суық» аязбен бірге қарсы алмасақ көңіліміз көншімейді. Қазақтың дәстүрінде болмаған десек те, бұл мейрам көпшілік үшін отбасылық мерекеге айналып үлгерген ең шырайлы шаралар санатында. Жалпы, Жаңа жылды кеудесіне әшекей тағынған шыршасыз, қызыл шапанды ақсақал Аяз атасыз елестету мүмкін емес. Өйткені бұл екеуі де Жаңа жылдың символына айналған. Десек те біз ерекше жайтқа қанық болдық. Қаладағы алпауыт мейрамхананың бірі – "Арафаттан" григориан мерекесін байланыстыратын бірде-бір нәрсені байқамадық. Тұтынушылары көп "Арафаттың" бұл қадамын бірі қолдаса, бірі қолдамайды. Иә, халықтың пікірі екіге бөлінетіні заңдылық. Мейрамхананың басшылық қызметінен жөн сұрағанымызда есімін үн парақта көрсетпеуін өтінді.
– "Арафаттың" халық арасында қолданысқа енгеніне көп бола қойған жоқ. Көпшілік "Жақсылық" ресторанымен танымал болған бұл кешеннің, ескісенен көрі жаңасын жақсы қабылдап жатқан тәрізді. Дін жолында жүргеннен кейін халал мейрамхана ашуды ойластырдым. Дінге жат дүниенің барлығына тыйым салдық. Григориан мерекесіне байланысты пікір айтар болсақ, шырша мен аяз атасыз жалғыз мейрамхана біз секілді. Әрине, мереке атаулының ала-құласы жоқ болғанмен, мән-маңызы жағынан таразы басын 22-інші наурызға бөлгеніміз дұрыс, – дейді мейрамхананың басшысы.
Расында, дәстүрімізге сіңіп кеткен "жаңа жыл" мерекесін тойламасақ, жұрттан кем қалғандай күйге енеміз. Желтоқсанның жалақысын тұтастай жұмсайтын "жылтыр мерекенің" салмағы өзгесінен басым болып тұр.
Ерасыл ШӘРІБЕК