Тегін шаштараз
Ел ішіндегі жұмыссыздықты едәуір азайтып, айқын мақсаты мен өзіндік ұстанымы бар жас буынға қолдау көреткен "Zhas project" жобасы талай адамның кәсіппен айналысуына сеп болды. Ауқымды жобаны қолға алғандардың арасында қалалық Ерасыл Шәрібек те бар. Бүгінде ол мемлекеттің қолдауын ұтымды пайдаланып, бөлінген грантқа "Сен сұлу" атты әлеуметтік шаштараз ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр.
Бұл жобаны іске асырмас бұрын, тренингтерге қатысып, бағыт-бағдар беретін менторлардың көмегіне жүгінген. Жобаларды орындау туралы бағдарламалық және қаржы есептерін тапсыру туралы ақпарға қаныққан. Барлық талаптан мүдірмей өткен ол алғашқы бөлінген ақшаға шаш алуға қажет құралдарды және өзге де керек-жарағын түгендеген. Тәжірибелі жас жігіттерден құралған шаштараздың бұл күнде аяқ-алысы жаман емес.
"Zhas project" бағдарламасының қолдауымен ашылған әлеуметтік шаштаразда бүгінде халықтың қарасы көп. Бастысы, қызмет көрсетуші жастар саяжайдағы әлеуметтік аз қамтылған және көп балалалы отбасылар мен зейнеткерлерге ақысыз қызмет көрсетеді. Жобаның көшбасшысы Ерасыл Шәрібек байыпты бағдарлама арқылы қайырымдылық пен тәжірибені ұштастыруға мүмкіндік алғанына қуанышты.
– Өңірге "Zhas project" жобасы жол тартқанына ризашылығымыз мол. Жаныма Айдос пен Айбек інімді ертіп, жобаға өз өтінішімізді жолдап, қайтарымсыз гранттың иегері атандық. Енді саяжай тұрғындары үшін шаш алуға қаланың орталығына барудың қажеті жоқ,– дейді Ерасыл.
Еңбексіз жетістікке немесе табысқа қол жеткізу әсте мүмкін емес. Мұны онда жұмыс істейтін әрбір жас жақсы біледі. Жоба мүшесі Айбек Елдос сабақтан босаған сәттен шаштараздан табылатын көрінеді.
– Әлеуметтік шаштаразда біз саяжай тұрғындарының шашын қиып, соңғы үлгілермен сәндеп береміз. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік.
Себебі, жоба аяқталған сәттен біз кәсіпкерлікке алғаш қадам жасамақпыз. Оқу мен жұмысты бірге алып жүрген айтарлықтай қиын емес. Оқу бітірген соң осы саламен болашағымды байланыстырғым келеді, – дейді Айбек.
Себебі, жоба аяқталған сәттен біз кәсіпкерлікке алғаш қадам жасамақпыз. Оқу мен жұмысты бірге алып жүрген айтарлықтай қиын емес. Оқу бітірген соң осы саламен болашағымды байланыстырғым келеді, – дейді Айбек.
Келер жылдан бастап ақылы қызмет көрсететін орталықта тұтынушылардың саны көбеймесе, азаймапты. Ал шаштараз иесі болашақта тәжірибелі мамандар алып, кәсібін кеңейтіп, сұранысқа ие үлкен орталыққа айналдырудыармандайды. Реті келсе, тағы бір орталық ашу да ойда екенін жасырмады. Табысты жолы енді басталған жас кәсіпкерге сәттілік тілейміз.
Ақтілек БІТІМБАЙ