ТЕК

Ертеде мынадай бір оқиға болыпты. Түріктер мыңдаған жасақпен жорыққа атанады. Ол кездегі майдан даласымен ұрыстың қаншалықты ұзаққа созылатыны белгілі. Айлап, жылдап ат үстінен түспей соғысатын кездер жиі кездеседі. Түріктер әлгі елді басып алады да, ортаға біршама жыл салып елге оралады. Туған жерге келсе баяғы соқыр, ақсақ құлдардан әйелдері бала туып алған. Еркектері ауылға кірейін десе, әлгі ақсақ-тоқсағы мен ержеткен балалары әскерді ауылға кіргізбепті. Қанша тырысса да, жан беріп, жан алысқан құлдарды жеңе алмаған. Ақырында «енді не істейміз» деп құрылтай шақырады. Сонда көпті көрген бір абыз ақсақал:
– Әй, бұларың не? Анау найза қылыштарыңды тастап, қолдарыңа бір-бір қамшы алыңдар. Сөйтіп өздеріне қарсы шабыңдар. – депті. Не керек көпті көрген қарияның ақылын алып, ертесіне таң атысымен атқа қонып, сегіз өрім иір қамшымен елге қайта шабады. Сол уақытта бірнеше күн бойы беріспеген әлгі еркек тұқымы қамшыны көріп бытырай қашыпты. Міне, тек пен қанның байланысы осы жерде көрінеді. Адамның бойындағы ген оянады екен ғой.
Кім қалай десе де адамның бойында геннің сақталатынын ғылым әлдеқашан дәлелдеді.. Ел арасындағы «сен әкеңе ұқсайсың», «сен шешеңе тартқансың» деген әңгіменің бәрі осы геннен.