» » Жеке жұмыспен қамту агенттігі ашылды

Жеке жұмыспен қамту агенттігі ашылды

   Сырдария ауданындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында Тереңөзек кентінде орналасқан аудандық кәсіпкерлер палатасы ғимаратынан жеке жұмыспен қамту агенттігі ашылды.
Аталған агенттік аудан тұрғындары мен жастарды Батыс өңірдегі  мұнай өндіретін компанияларға жұмысқа тұрғызумен айналысады. Жеке жұмыспен қамту агенттігін ашқан – осы салада бай тәжірибесі бар зейнеткер Жамиға Іздібаева. Батыс өңірінің мұнай саласынан жұмыс іздеушілер түйіндемені осы кісіге тапсырып, тиісті ақыл-кеңес алады. Агенттік жұмысын үйлестіретін «Ерсін» кадрлық агенттігінің өкілі А.Құдабаев жұмысшыдан бастап, инженер-техник қызметкерлерге дейін жұмыс табуға көмектесетінін, мамандығы жоқтарға ақылы курс ұйымдастыратынын жеткізді. Бұл курс жергілікті жерде өтеді. Статистикаға сүйенсек, соңғы жылдары «жұмысқа тұрғызамын» деп алдап ақша алатын алаяқтардың саны артып отыр. Бұл агенттік олардың «бизнесіне» тосқауыл қояды.
16 қаңтар 2019 ж. 653 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031