» » Мақсатымды айқындадым

Мақсатымды айқындадым

  Елбасының ұсынысымен 2019 жылдың «Жастар жылы» болып жариялануы бұл Қазақстанда тұрып жатқан 4 миллионға жуық жастың сенімін еселетіп, бойын жігерлендірді десек артық айтқандық емес. Қазақта «Елдің ертеңін көргің келсе, жастарына қара» деген сөз бар. Жастардың білім алуына, кәсіби, ғылыми және шығармашылық өсуіне жағдай жасау – қоғамды жаңғыртуға және алға ілгерілетуге салынған сенімді инвестиция екенін ескерсек, бұл алғышарттар елдігімізді еңселі, болашағымызды баянды етуге септігін тигізетіні сөзсіз.
Жас­тар жылының ресми ашылуында кейінгі толқынды қолдау шаралары мен алдағы бастамалар баян етіліп, елдің ертеңі – бүгінгі ұрпақтың алдында тұрған міндеттер айтылды. Мемлекет басшысы негізгі төрт бағытты назарда ұстауды атап өтті. Олар: сапалы, қолжетімді білім, тұрақты жұмыс, баспана және отбасын құруға мүмкіндік. Мұнымен қоса Елбасы жастар биік арман мақсаттарға тек еңбек арқылы жететінін айтты. Үкіметке «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеуді, «Жас сарбаз» әскери патриоттық қозғалысын дамытуды, «Дипломмен ауылға» бағдарламасын кеңейтуді, жас стартапшыларды қолдау мақсатында қор құруды тапсырды. Мұнымен қоса еріктілік қызметпен айналысатын студенттердің шәкіртақысын 30 пайызға өсіруді жүктеді. Бұл өз кезегінде жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған нақты шешім және қамқорлық деп білеміз.
Қол қусырып отыратын уақыт жоқ. Жастар жылы, бір жағынан, жастардың әлеуметтік, білім және ғылым, денсаулық сақтау салаларындағы мәселелердің шешімін табатын жыл болса, екінші жағынан, жастардың қоғамға, елімізге пайдалы жұмыс істеп, мемлекет дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік. Сондықтан біз, жастар, жылынан не аламыз, не күтеміз деген сұраққа жауап іздемей, өзіміз әрекет ететін сәт келді. Әрбір жас мойнымызда үлкен жүк бар екенін тереңінен сезіне түстік. Мен де, ұрпақ тәрбиесіне тікелей жауапты білім саласының қызметкері ретінде, алдағы бағыт-бағдарымды айқындап алдым. Жастар жылында атқаратын іс көп. Сенім үдесінен шығу парыз.
 Салтанат ІЗМАХАНОВА,
                                                                                 Қызылорда қаласы
15 ақпан 2019 ж. 669 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031