
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовтың промоутері Донг Кинг шыққан тегі армениялық француз Арсен Гуламирянмен жекпе-жек үшін болған саудада жеңіп шықты. Кинг бұл кездесу үшін 821 мың доллар ұсынған. Осылайша, француз боксшысының промоутері Себасттһьян Акариес ұсынған 621 500 доллар ұсыныстың алдын орап кеткен. Қол қойылған келісімшарт туралы алдағы 14 күн ішінде жариялануы тиіс. Еске салсақ, Шүменовте бірінші ауыр салмақтағы WBA чемпионы деген белдік бар. Ал Гуламирян – «уақытша» чемпион. Бұл дивизиондағы WBA тұжырымының басты титулы абсолютті әлем чемпионы украиналық Александр Усикке тиесілі. Гуламирян бірнеше жылдан бері Геннадий Головкинді жаттықтырып келе жатқан Абель Санчеспен жұмыс істейді. Осылайша, Бейбіт бұл кездесудегі өнері үшін 451 550 доллар алатын болды. Ал Гуламирян 369 450 долларға қанағат етеді. Жекпе-жек Қазақстанда өтуі мүмкін. 35 жастағы Бейбіт Шүменов соңғы рет шаршы алаңға былтыр шілде айында шығып, түрік Хизни Алтункаяны техникалық нокаутпен жеңген еді. Шүменов кәсіпқой рингте осы уақытқа дейін 18 жекпе-жек өткізіп, 2 рет жеңілген. 12 кездесуді нокаутпен аяқтаған.
Абай Аймағамбет