Қарауылтөбеде жарылыс болды

– Қарауылтөбе ауылдық округінде Сансызбаева деген азаматшадан “112” бірыңғай басқару пультіне хабарлама түскен. Үйде жарылған газ баллонның әсерінен қабырға құлап, екі адам үйінді астында қалған. Олардың бірі 1964 жылғы Балдырған Аймағанбетов және 1979 жылғы Сандуғаш Сейдахметова. Олардың бірі – жамбас сүйегінің жабық сынуы, бірі – І және ІІ дәрежелі күйік шалу диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Бұл оқиғаға байланысты бүкіл мәліметтер төтенше жағдайлар департаменті мен Қызылорда қаласы полиция басқармасына жолданды. Жарылыс 5 литрлік газ баллонының редукторындағы ақаудан деген болжам бар, – дейді Қызылорда облысы жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Бакиров.
Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның нақты себебі тергеу қорытындысынан кейін белгілі болады.
Ақтілек БІТІМБАЙ