ЕРТЕГІ

Ертеде дана қыран құс болыпты. Қанатын жайса, алып елді  құшақтайтындай көлемді. Ол талай жерді шарлап, Орта Азияға қоныс тебеді. Осы жерде балаларына шұрайлы өлке іздейді. Әрі сол жердің тұрғындарын бір қуантқысы келеді. Бұл жер даму үшін қолайлы аймақ екенін байқайды. Алыста тұратын өзінің үш баласы бар. Үлкені Аралбай, ортаншысы Сарыарқа және кішісі Хан Тәңірі. Балаларын жинап, осы өлкеге ие болуын тапсырады. Үлкеніне Сырдарияның солтүстігінен қоныс береді. Ал ортаншысына орталықтың сары даласын тапсырады. Ал кішісін тау шыңына бағыттайды. Ол кезде адам атаулысы мүлде болмаған еді. Табиғат өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешті. Ал балалары өз парызын ғажап орындады. Үлкені Аралбай арнасынан тасыды. Мол балық беріп, тұз алуға жол ашты. Бойына емдік қасиет дарытып, түрлі дертке шипа болды. Астынан мұнай төкті. Ортаншысы Сарыарқаның төрінде талай аң-құс сайрады. Топтасып киіктер шауып, бірлесіп қаздар ұшты. Ал Хан Тәңірі ең биік шың болды. Мөлдір бұлақ тасқындатып, қар барысын асырады. Бөктерінде түрлі дәрі өсімдік өсті.
Арада біраз уақыт өткен соң адам келді өмірге. Келді де қоршаған ортаны ластай бастады. Бұл аймақта тысқары қалған жоқ. Сарыарқаның сайын даласын кезген аңшылар арқаның киігін атып, шөбін жұла бастады. Соңғы жылдары бұл жақта мүлде киік қалмады. Ортаншысы Аралбайдың Сырдариясын жарты жолдан бөгеп, құрғата сақтады. Жолына күріш егіп, қойнауынан балықты тартып алды. Кенжесі тау бөктерінен, әрі бері ығыса қала салынды. Қазір сол төбеден көк түтін ғана көрінеді.
Табиғаттың берген сыйына жанашырлық таныта алмаған адамдарды көргісі келмей, қыран құс Хан Тәңірінің адам аяғы жетпеген биік шыңында мекендеді. Қазір сәл сырқаттанып жүр. Соңғы уақытта айналадағы тынып жатқан шаруаны көріп, жиі күрсінетінді шығарған. Балаларына жасалған қиянат жанына батса да, амалсыз ұшы қиыры жоқ алқап даланы адам баласына аманатқа қалдырыпты.
Дамир АМАНГЕЛДІ
28 ақпан 2019 ж. 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930