» » Іргеңді есірткіден алыс ұста!

Іргеңді есірткіден алыс ұста!

Нашақорлық – бұл адамзатқа қарсы "үнсіз" соғыс. Ол кез келген адамға, тіпті ең қолайлы, өнегелі отбасына да қатысты болуы мүмкін. Зиянсыз темекі қоспалары, коктейльдер немесе тәттілер ретінде алуан түрлі есірткі заттары, біздің балаларымыз бен достарымыздың, таныстарымыз бен туысқандарымыздың өмірін улап, бұзуы мүмкін. Есірткі нағыз әлеуметтік апатқа айналды. Біздің айналамызда есірткіні қолданудың тартымдылығы ашықтан-ашық насихатталуда. Теледидар мен журналдарда біз "героин шик" стиліндегі сән көрсетілімін көреміз, ал бейнеойындарда есірткі, зорлық-зомбылық жиі беріледі. Тіпті марихуана дәмі бар балмұздақтардың жарнамасын көре аласыз. Мұның себебін батыс мәдениетінің әсері және батыс өмір салтын насихаттау (іс жүзінде барлық фильмдерде есірткіні пайдалануды көрсетеді, жастардың кейбір бөлігі оған еліктейді), балалар мен жастар ұйымдары жүйесінің қалыптаспауы және отбасы институтының әлсіреуі (ата-аналардың бала тәрбиесімен айналысуға уақыты жоқ, өйткені олар ақша табады) және 90-жылдардың басындағы қоғамның күрт бөлінуінен іздеуге болады.
Әлемге әйгілі Анна Тереза, ешқашан "соғысқа қарсы" митингтеріне бармапты, ал "бейбітшілік үшін" митингтеріне қуана-қуана қатысыпты.  Мүмкін қоғамның барлық күшін (моральдық және материалдық) әлдебір нәрсеге қарсы емес, бейбітшілік үшін, саламатты өмір салты үшін, махаббат үшін, бақыт үшін деп бағыттау керек шығар. Бұл апатты жеңу үшін барлығымыз бірігу керекпіз! Ең бастысы «жоқ!» деп айтуды үйретейік! Берік отбасынің іргесін есірткіден аулақ ұстайды.
Қарлығаш ҚОСШЫБАЕВА,
Қызылорда қаласы
28 ақпан 2019 ж. 588 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930