» » Араб шейхі құбыжық көлігін көрсетті

Араб шейхі құбыжық көлігін көрсетті

  Абу-Даби билеуші әулетінен шыққан Шейх Хамад Бин Хамдан әл Нахайян тапсырыс бойынша жасалған "әлемдегі ең үлкен жол талғамайтын көлікті" көрсетті, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz

"Трансформеры" фантастикалық фильміндегі көліктерге ұқсас туындыны Дубай конструкторлары жасап шығарған.  
11 метрлік жол талғамайтын көліктің салмағы шамамен 24 тонна. Көлік америкалық әскери Oshkosh M1075 тартқышы негізінде құрастырылған. Онда 600 аттың күші бар 15,2-литрлік Caterpillar дизель отынымен жүру құрылғысы орнатылған.  
Автомобильдің алдыңғы бөлігі 40-шы жылдардағы жүк машиналарынан алынған, кабинасы - қазіргі Jeep Wrangler Unlimited, шамдары - Ford Super Duty, ал артқы бампер - Dodge Dart. Он дөңгелекті құбыжыққа Dhabiyan атауы берілген. 
Оның ені - 2,5 метр, биіктігі - 3,2 метр. Оның иесі Instagram желісіндегі парақшасында суреттерін жариялады. Ерекше автокөліктің құны нақтыланбаған.
04 наурыз 2019 ж. 608 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930