Quttyqtau


8 наурыз – мерекесі әйелдің,
Айдай сұлу әйелдерге бай елмін.
Айтыңдаршы, аруына Алаштың,
Арулары тең келеді қай елдің.
Ар-намысты алмастырмай алтынға,
Адал ұстап ата-баба салтын да.
Қаракөздер қиындықтан қаймықпай,
Жүреді ылғи күлімдеген қалпында.
Күйбең тірлік орындалмай, жиналып,
Қалса кейде қапелімде қиналып,
Әйелдерді жібермейді әріге
Бойындағы имандылық, ибалық.
Бұл дүбірлі дүние толы түрлі күн,
Бүгінгі күн тым ерекше сырлы күн.
Бар жақсылық жалғасумен жыл бойы,
Нәзік жанға болғай әркез нұрлы күн!
Мерекелеріңізбен!



Құмарларға кеңес
(Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен)
Арақ пен есірткіге «жерік» болсаң,
Шылыммен де ұзақ жыл «серік» болсаң...
Адамның зейін мен зердесін жояды,
Ар-ұяттың пердесін жояды.
Таза ортадан тыстап қаласын,
Қолыңа таяқ ұстап қаласың.
Иттер сені қаппайтын болады,
Қабуға таяқтан батпайтын болады.
Күндіз-түні жөтелетін боласың,
Дәріні «шелектеп көтеретін» боласың
Үйіңді ұрылар тонамайтын болады,
Жөтелсең «ояу» деп жоламайтын болады.
Қартайып жастыққа жантаймайсың,
Қысқасы, мәңгі қартаймайсың.
Аңғарсаң сөздің астарын,
Аман болсын бастарың!
Тап қазір жаман әдетті.
Табанға таптап тастағын!
Әйтпесе...
Қазыбек ӘШІРБЕКҰЛЫ
07 наурыз 2019 ж. 604 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930