» » ГОЛОВКИН ҚАЙТА ОРАЛДЫ

ГОЛОВКИН ҚАЙТА ОРАЛДЫ

   Үш нұсқа бойынша әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин DAZN стриминг жүйесімен келісімшартқа отырғаннан кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 
"Мен оралдым! DAZN-мен бірлесіп карьерамның жаңа бөлігін бастауға қуаныштымын және мұрамды баянды еткім келеді", - деп жазған Головкин Twitter желісіндегі ресми парақшасында. 
Головкинның келісімшартқа қол қойғаны жайлы 8 наурызда жарияланды. Үшжылдық келісім барысында, ол алты жекпе-жекке шығып, оның ішінде жылына екі кездесуден өткізіп отырады. Оған қоса, DAZN-мен келісімшарт Головкинді үшінші жекпе-жек өткізуге алып келе жатыр және оның GGG Promotions компаниясы 2020 және 2021 жылдары төрт бокс кештерін өткізуге кепілдік береді. 
Головкин рингке 8 немесе 16 маусымда оралуы мүмкін. Қарсыласының есімі әлі белгісіз. GGG қыркүйектен бері жекпе-жекке шықпаған. Соңғы жекпе-жектен кейін ол жеңіліс тауып, титулдарынан айырылған.
10 наурыз 2019 ж. 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031