Сөмке тоқуды қалай үйрендім?

Сапалы өнімге сұраныс жоғары
Бүгінде сөмкеге қызығып тапсырыс берушілердің қарасы қалың. Тоқымаға сабақ уақытынан тыс кезде көңіл бөлемін, сондықтан бір сөмкені тоқуға екі күн жұмсалады. Кейде тұтынушылар сөмкеге өздері қалаған суретті бейнелеп беруді сұрайды. Тоқымаға қажетті заттар шамамен 8 мың теңгеге жуықтайды, ал түрлі-түсті жіптерге арнайы тапсырыс беремін. Көбіне Ресей, Түркияда жасалған сапалы жіпке тапсырыс беруге тырысамын. Сөмкені тоқу техникасы әртүрлі, оларды бірте-бірте үйренудемін. Мен үшін халықтың сапалы өнім тұтынып, саналы ғұмыр сүргені маңызды. Сондықтан қандай бұйым түрін тоқысам да шын ниетпен, ерекше идеямен жасауға тырысамын.
Тоқымадан өзге түрлі тәттілер пісіруге де уақыт бөлемін. Әсіресе ел сүйіп жейтін «вупи пай, қызыл бархат» сынды тоқаштарға тапсырыс қабылдаймын. Болашақта осы екі кәсіп түрін дамытып, үлкен сауда орталығын ашуды жоспарлаудамын.
Гүлдана ЖҰМАДИН