Отандық жұлдыздар басы дауға қалған Әбдіжаппар Әлқожаны жақтап шықты
Қожалар туралы бар ойын ортаға саламын деп басы дауға қалған Әбдіжаппар Әлқожаны отандық шоу-бизнес жұлдыздары жақтап шықты. Өнер иелері әріптесінің ойын дұрыс жеткізе алмағанын алға тартып, әншіге түсіністікпен қарауға шақырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншіні қолдағандардың арасында Әбдіжаппар Әлқожаның әпкесі Роза Әлқожамен қатар, Артұр Төлепов, Нұрболат Абдуллин, Бағлан Әбдірайымов, Нұржан Аташ секілді жұлдыздар бар.
Роза Әлқожа өзінің Instagram парақшасында інісіне айтылған сынның орынсыз екенін айтып, одан сұхбат алған журналиске қатысты ойын айтты.
"Кешеден бері ұйқыдан, астан қалдық. Анна Данченько деген журналист руға қатысты сұрақ қойып Әбдіжаппарды арандатқан екен. Ең бірінші журналист қан бұзылды деп өзі сұрақты дұрыс қойып отырған жоқ. Тіл маманы бұзылды деп қолданбайды. Екіншіден қазақтың әр әншісінің руын сұрай берсе, әр әнші руын айтып аттандап кетпей ме?!Әбдіжаппар сөзді дұрыс қолданбағаны үшін халықтан кешірім сұрайды! Негізгі айтар ойы қазақ пен қожа ата-бабамыздан араласып кеткен ел деп айтқысы келген. Келесі сұхбатта журналисті досым деп емес, өз қызметінің иесі, рейтингтің құлы деп қабылдайтын болады" - деген азулы жазба қалдырды Роза Әлқожа.