Қызылорда облысы соттарында «алғыс айту күні» мерекесі қарсаңында түрлі іс-шаралар мен қайырымдылық акциялары өткізілді
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Алғыс айту күні» қарсаңында Қызылорда қаласындағы «Ана үйі» Қоғамдық қорында болып, қайырымдылық көмегін жасады. Қоғамдық қордың Қызылорда қаласындағы координаторы Жүсіпбаева Дина Маратқызы сот ұжымына жұмыстарына табыс тілеп, алғысын білдірді.
Сонымен бірге, Сырдария аудандық соытның ұжымы көп балалы ана Қ.Акимжанованы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етіп көмек көрсетті. Қ.Акимжанова сот саласында 1999 - 2015 жылдар аралығында іс тіркеушіден бастап, жетекші маман, бас маман қызметтерін атқарған. Бүгінгі күні жалғыз басты ана өзі 5 ұлды тарбиелеп өсіруде. Өз кезегінде көп балалы ана Қ.Акимжанова сот ұжымының қамқорлығына ризашылығын білдірді.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұжымы «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылында болып, алғыс айту мерекесімен құттықтап, оларға зор денсаулық жарқын болашақ тіледі.
Ал, Жаңақорған аудандық сотының ұжымы өзге ұлт өкілдерімен кездесу өткізді. Шара барысында атаулы мерекеде бір-бірімізге сыйластық танытып, жақсылықты жақсылықпен өтеп, ризашылыққа бөленген абзал екендігі айтылды.
Сондай-ақ, мерекеге орай Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық және қалалық соттардың ұжымы«Медиацияның ашық есік күні» іс-шарасын өткізуде.
Қазақта «Қарғыс алма, алғыс ал» деген сөз тегін айтылмаса керек. Алғыс алуға лайықты істеріміз көп болғай! Отбасыларыңызға амандық, әр бастамаларыңызға сәттілік пен жеңіс тілеймін!
Ысқақова Айжан Мұқтарқызы,
Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің бас маман-баспасөз қызметінің маманы