Әкемнің қызымын
Сол ерке жыр арнайды, міне, бүгін.
Әкешім, бізді асырап, алаңдаумен,
Үйді ойлап көрмедің-ау мүлде тыным.
Үйреттің бар асылды бала кезде,
Есейдім өсті бүгін сана лезде.
«Жақсы әке жездедей-ақ» деген сөзбен
Келіспен. Саған жетпес ешбір жезде.
Жыр арнадым, әкешім, мақтау үшін,
Сәби көңіл мәңгілік сақтау үшін.
Сеніміңе мың рақмет, әкетайым,
Талпынам үмітіңді ақтау үшін.
Балалық пен шалалық – еркеледім,
Тәрбиеңнің және алдым ең керегін.
Әкетай, күрсінбегін, қуана бер,
Артыңда еркетайың мен келемін.
Арузат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
№86 орта мектептің
10 сынып оқушысы