» » Байлық – мұрат, кедейлік – ұят

Байлық – мұрат, кедейлік – ұят

  Осыдан бірнеше күн бұрын аялдамада маршрут күтіп тұрып екі достың әңгімесін құлағым шалып қалды. Бірі әңгімесін айта келе жанындағы досына қарап: осы тапқан табысымызға да шүкір деді. Мына сөзді естіген екіншісі, оған жекіп тастады. "Біз өз елімізде тұрып, бір айдан келесі айға әрең жететін айлыққа қарап отырамыз. Еңбек етіп, кәсіп ашып, әр қазақ бай болуы қажет. Қарашы, айналаңдағы кәріс пен орысың сәлеміңді алмайды. Оның арғы жағында еліміздің түкпір-түкіпірінде қысы-жазы маңдайының тері сорғалап үй салып, саудамен айналысатын өзбек ағайынның өзі кейде шіреніп қалады" деді.
Иә, шынымен солай. Кеше мынадай бір мәліметті көзім шалды. Қазақ миллиардерлерінің көп бөлігі басқа ұлттан екен. Ал қазақтардың мұрнына ондай ақшаның иісі әлі бара қоймаған. Мәселен, бір кафеге, не сауда орталығына барсаң сатушы болып жүрген қазақты көресің. Иесін сұрастырып қалсаң – өзге ұлт өкілі болып шығады. Бұның бәрі сол баяғы бойкүйездік һәм момындықтан ба әлде басқа себеп бар ма? Мына мәліметке қараңызшы, сосын ойланарсыз. Ұлты кәріс «қазақ олигархы» Владимир Ким 4,6 млрд доллармен бірінші орында тұр. Израиль азаматы Александр Машкевичтің байлығы 2,4 млрд доллардан асып жығылған. Қазақтың қазынасынан өз үлесін артығынан алып жүрген Алижан Ибрахимовтың астына басқаны 2,3 млрд доллар болса, Белгия азаматы Паток Шодиев байлығы 2,2 млрд-тан асатын олигархтар тізімінің басында тұр. Бұлар ағайынды – алатақиялы өзбектер. Қарап отырсаңыз, қазақтың қазынасын талан-таражға салуға қытай, америка мен орыс, ағылшын мен өзбек және өзге еуропалық елдер әуес-ақ. Оған өзіміз де шектеу қоймадық. Олар да қысылмай-қымтырылмай кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Солар немен байып жатыр? Олардың істегенін қазақ істей алмай ма әлде біреу қолымыздан қаға ма?
Қалың қазақтың жер қазбасын да, басқасын да көлденең көк аттылар аузынан жырып алып кетіп жатыр. «Қолынан келіп, қонышынан бастының» кері. Қой аузынан шөп алмас қалпымыздан таймай, біз де міз бақпадық. "Сен тимесең, мен тиме". Әйтеуір ақталуға себеп табамыз. Бар айтатынымыз: «қанағат – қарын тойдырар» ғана. Көзі ашық, көкірегі ояу адамға барлығы тайға таңба басқандай көрініп тұр ғой. Тіріліп тірлік етпесек, еліміздің бар байлығы көрінгеннің қолында кетіп, түгесілуге қарады. Оған өзге елдерге қарыз екендігімізді қосыңыз. «Елу жылда – ел жаңа». Ертеңгі күні ұрпағыңның жағасынан алып, сол қарызын сұрамасына кім кепіл? Енді не істейміз? "Байлық – мұрат емес, кедейлік – ұят емес" деп отыра береміз бе?
А.БЕРДІБАЙҰЛЫ
05 сәуір 2019 ж. 1 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031