» » Ең құрметті адам

Ең құрметті адам

  Ұстаз – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ол – сезім мен нұр шашар сәуле. Келешек үшін жан  аямай күрескен, өз бойындағы пенделігін жоя білген жан ол – ұстаз. Ол өзінің бүкіл өмірін бала тәрбиесіне сарп етуге бел буған адам.
Менің де мектебімде сондай ұстаздарым бала жүрегімнен нық орын алған. Алғашқы ұстазым мектеп табалдырығын аттағанда қорқынышымызды сейілтіп, мейірімділік танытып, ең алғаш қолымызға қалам ұстатып, мектепке тарыдай болып кірген бізге зор ықылас танытты. Қазір  дәл  осы  мектеп менің сүйікті мектебіме, сүйікті ортама айналды. Мектеп ішіндегі бөлме өсімдіктері де сан рет оқылған жыр мен сабақта шертілген сырдың, балалыққа толы қызықты оқиғалардың куәсі секілді. Тағы да естуге құмартып, жайқалып тұрғандай. Санаулы күндерден соң сабағымызды аяқтап, өз жолымызды тауып, қарлығаш құсындай алтын ұя мектебімізбен қоштасамыз. Алайда бұл орын біз үшін мәңгілік қастерлі болып қала бермек.
Біздің балалығымызды түсінген ұстаздарыма Алланың нұры жаусын!
                                                           Мәлика БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,
                   №140 мектептің 11 сынып оқушысы

26 сәуір 2019 ж. 640 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031