» » ЕРІНБЕГЕННІҢ ЕҢБЕГІ ЖАНАДЫ

ЕРІНБЕГЕННІҢ ЕҢБЕГІ ЖАНАДЫ

  Нарық заманында бизнеске қадам басып, өз қаржысымен нәсібін қамдап, кәсібін дөңгеленткендердің қарасы мол-ақ. Соның бірі – Мамед  Байсалов. Жаңақорған кентінде Мамед Байсаловты танымайтын жұрт кемде-кем. Оны көпке танымал еткен еңбегіне адалдығы және кәсібилігі екені даусыз. Бүгінде оның қызметіне жүгінетін тұрғындар аз емес. Кенттегі шағын ғимаратта орналасқан шаштараз иесінің бір күн уақыты бос өтпейді.
Мамед тынымсыз еңбегімен кәсібін дөңгелетіп келеді. Кейіпкеріміз әңгіме басын кәсіпке қалай келгенінен бастады.
– Кәсіппен айналысу бала күнгі арманым болатын. Мектеп оқып жүргенде әкемнің ағасы Латшуа Байсаловтан шаштараз өнерін үйрендім. Шаштаразшы болудың қыр-сырын жетік меңгеруге Сальвар ағамның да ықпалы зор болды. Міне, сол кісілерге қарап есейдім. Жалпы менің нағашы атам Қырғызстанда 25 жыл шаштаразшы болған. Бір сөзбен айтқанда, шаштаразшы болу қаннан келген қасиет, – деді ол.
Оның еңбек жолы 2006 жылы басталыпты. Мектеп бітірісімен қолына қайшы мен тарақ ұстап, сән-салонына еніп кетіпті. Жалпы Мамедті әңгіме арасында ашық мінезді азамат ретінде таныдық. Тіпті Байсалов берекелі болуының себебін де жасырмады.
– Ең бастысы адал еңбекте. Қазақта «еңбек етсең емерсің» деген нақыл бар емес пе? Сондықтан қазіргі жастарға тек осы жолда болуы керек. Ол үшін ізденімпаз, білімді болу керек. Мен өмірде ұстаздарымды үлгі тұтамын. Олардың көрсеткен жолымен жүруге тырысамын. Менің табысты болуымның сыры осында, – деді кәсіби маман.
Бүгінде Илькар мен Мелек есімді ұл-қызды тәрбиелеп отырған Мамедтың алдағы жоспары көп. Халыққа қызмет көрсету үшін жалдамалы бөлмеде орналасыпты. Келешекте заманға сай нысан тұрғызып, кәсібін іргелітумен қоса жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтуға ниеті бар. Шаштаразшы маманымыз үйдегі жалғыз "нан" табушы. Жұбайы Рухия Жашкукова үй шаруасында екен. Қармақшы ауданында өніп-өскен Рухия Жаңақорғанға келін болып түскелі үй тірлігінде қазақы дәстүр, әсіресе, ұлттық тағамдарды жасауды да дағдыға айналдырған.
 Жаңақорғанда Мамедтен дәріс алып, түлеп ұшқан мамандар көп-ақ. Кейіпкеріміздің айтуынша,  20-ға жуық шаштаразшыны кәсіпке баулыған көрінеді.
Ерасыл ШӘРІБЕК
17 мамыр 2019 ж. 588 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031