» » Үйсіз жанға ғашық болып қалған мұғалім қыз оның өмірін өзгертті

Үйсіз жанға ғашық болып қалған мұғалім қыз оның өмірін өзгертті

Ұлыбританияның Клиторпс қаласының тұрғыны үйсіз жанға ғашық болып, оның аяққа тұруына көмектесті. 

38 жастағы Кэти Николь Гарднер Джонның қасынан қалай өтіп кеткенін еске алды. Ол үйсіз жанмен тілдескісі келген. 
"Мен одан өмірбаянын сұрадым. Содан бәрі басталды", - деді мұғалім. 
Үйсіз жанНикольге өте ақылды, мейірімді адам секілді көрінді. Ол оған күн сайын келетін болды. 
Британдық мұғалім Джонның аяқ киіміне сезімін білдіріп, хат тастап кететін. Есесіне одан поэма жазылған хат алатын. 
"Ол маған өмірін өзгерткісі келетінін айтты. Мен бәрін бірлесіп жасаймын дедім", - деді Николь. 
Джон сүйіктісінің көңілдесін ұрғаны үшін 2,5 жыл түрмеде отырған. Көшеде 1,5 жыл тұрыпты. Есірткіге әуес болған. 
Николь Джонды үйіне шақырып, жуындырып, шашын алдырады. Тәтті тағамдар беріп, қонақ етеді. Олар 8 айдан бері кездесіп жүрді. Кейін Джон бақташы болып жұмысқа тұрды. Тіпті оны әкесімен кездестірді. Ол әкесін 25 жыл бойы көрмеген екен.
"Мен мұндай күндерді түсімде көретінмін. Өмірімнің соңына дейін далада жатпайтынымды білгенмін. Кэтиге алғысымды айтамын", - дейді ол. 
01 маусым 2019 ж. 1 456 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031