18 ЖАСҚА ДЕЙІН ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ ЖОЛЫ
Мен Қазақ ұлттық өнер академиясында оқып жатырмын. Музыкамен кәсіби тұрғыдан айналысамын – фортепианода ойнаймын, сурет саламын, оған қоса көркемөнер колледжінде оқимын. Instagram желісінде және Generation Next жобасында мақалалар жазып, оқуды жақсы көремін.
Мен бес жасымнан музыкамен айналысамын. Мен туған кезде, әпкемді бірінші сыныптан бастап пианино сабағына берді. Оның үйде ойнап жатқанын кішкентайымнан тыңдап жүрдім. Мен онымен бірге сабақтарға баруды ұнататынмын. Осылайша менде қызығушылық пайда болды және анам бұны қабылдап, бес жасымда сабақтарға апарды. Сол кезден бастап, музыка өмірімнің үлкен бөлігін алып жатыр. Фортепиано бойынша оқып жүрген 11 жылдың ішінде мен Италиядағы, Ресейдегі, Түркиядағы халықаралық байқаулар мен республикалық, қалалық байқаулардың жүлдегері атандым.
Мен өмір бойы музыканы жақсы көріп келемін. Онсыз өмірімді елестете де алмаймын. Болашақта немен айналыспасам да, музыка әрқашан менің бір бөлігім болады. Алтыншы сыныптан бастап «Астана Опера» студиясының қатысушы болдым және «Богема», «Сағыныш», «Аида» сияқты қойылымдарда ойнадым. Сахна, әртістің өмірі, өнер көрсету – бұның барлығы менікі деп санаймын. Бұл жақсы көретін, мені рахатқа бөлейтін және өзіме ұнайтын нәрселер.
Бүгінгі таңда мен колледждің бірінші курсында оқып жатырмын, қазірде алғашқы міндетім – оны бітіріп, музыкалық дипломға, білімге ие болу. Кейін дайындалып, жақсы университетке түсу. Бірақ мен өзімнің ой-өрісімді кеңейтуді шештім, сол себепті бакалавриатқа музыка, фортепиано немесе көркемөнер факультеттері бойынша түспейтін шығармын. Болашаққа деген нақты жоспарлар мен мақсаттар бар және ол үшін барлық күш-жігерімді іске асырып жатырмын.
Тамила Муридова, семсерлесу бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 18 жас
Мен 12 жасымнан семсерлесумен айналысамын. Бүгінде бұл спорт саласы бойынша қазақстандық ұлттық жасөспірімдер құрамасының мүшесімін. Сонымен қатар мен ересектер арасында өтетін чемпионаттарға қатысамын. Мен бұл спорт түрін өзім таңдаған жоқпын, анам менің бір нәрсемен айналысуымды қаладым. Осылайша мен семсерлесу үйірмесіне түстім және маған ұнады. Кейін мені спорт мектебіне шақырды.
Мен семсерлесуді, әлемдік деңгейдегі жарыстарды ұнаттым. Бұл әдемі және текті спорт түрі әдемі және текті деп санаймын. Осында жекпе-жектерде сияқты қатты физикалық күш қолданылмайтыны ұнайды. Біз тек ойлаудың және қиымылдың жылдамдығы, жүрістерді алдын-ала санап қою арқылы бір-бірімізді жеңеміз. Мен әлемдегі 20-дан астам елдерде болдым. 15 жасымнан бастап табыс тауып, анама көмектесе бастадым.
Мен семсерлесу бойынша жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегерімін. Біз Азия чемпионатында командалық есеп бойынша алтынға ие болдық. Мен Қазақстан Республикасының көп дүркін чемпионымын, сонымен қатар халықаралық дәрежедегі ҚР спорт шеберімін.
Мен әзірге жаттығып, оқып жүрмін. Оқуды бітіргесін, мүмкіндігім болғанша семсерлесемін. Әлем чемпионаттарында, универсиадаларда, олимпиада ойындарында жеңіске жетуді қалаймын. Оны уақыт көрсетеді, ал мен ол үшін тырысып, еңбек етемін.
Диана Холловей, актриса.14 жас
Мен актерлік мансапты өзім таңдаған жоқпын, бұл таңдауды анам жасады. Мен алғаш рет киноға түскен кезде, жеті жаста болдым. Сол кезде мансап жайында шындап ойлаған жоқпын. Алғашқы түсірілімдер қиын болды – маған бес сағат ролик теуіп жүруге тура келді. Бірақ мен аяқтарымның шаршағанын байқаған жоқпын, себебі маған қызықты болды. Камералар, жарық, рельстер, крафт, актерлер және режиссер – бұл басқа бір әлем сияқты болды. Жасанды шынайы әлем. Маған қызықты болды, мен образға еніп, қажетті күйді және сезімді жеңіл жеткізе алдым.
Маған кейіпкерлерімді сомдаған кезде, олардың жай-күйін жеткізу ұнайды. Себебі барлығы өмірден алынады. Сүйікті іспен айналыссаң, бұл жұмыс емес, хоббиің болады дегенді оқыдым. Маған киноға түскен ұнайды. Бұл салада үлкен жетістіктерге жетіп, Голливудты бағындыруды қалаймын. Отанымның атын шығарғым келеді.
Мен үш толық метражды фильмдерде, он әртүрлі сериалдарда, үш әлеуметтік бейнелерде, үш қысқа метражды және сегіз жарнамалық бейнелерге түстім. «Самғау 2017» Оңтүстік Қазақстан облысындағы жас режиссерлердің кинофестивалінде «Үздік актриса» атағына ие болдым. Бұл менің алғашқы жүлдем. Сонымен қатар мені фотосессияларға жиі шақырады. Жақында мен Manizha деген ресейлік әншінің альбомының мұқабасына түстім.