Өсіретін өнер ме, өшіретін өнер ме ?

Баланың тойдан табыс табуына қатысты «жәй ғана ән айтып жатыр ғой, оның несі жаман?» деген пікір болуы мүмкін. Талантты болса, өлең айтатындай дауысы болса, концерттерде, мектептегі іс-шараларда өлең айтсын . Ол балаға жақсы жағынан әсер берері сөзсіз. Ал тойға келер болсақ, ол баланың санасын улайды. Дүниеден өткен ойшыл ақын Қадыр Мырза-Әлінің «Өнерсіз адам балса да, өнерсіз қазақ болмайды» деп айтып кетуінде үлкен мән бар. Бір-ақ түнгі тойлар баланың табыс табатын жері ме?
Қазіргі тойда бейәдеп сөйлейтін асаба, батыс биіне құмар қыздар толып жатыр, ал оның қасында, 6-13 жастағы балалар өлең айтып, би-билеп өз өнерлерін көрсетіп жүр. Тойдағы қонақтар қызыға тамашалап, ақша да береді. Бұл жердегі негізге мәселе міне, ақшада жатыр. Балаға ата-ана материалдық жағдайдан белгілі бір шектеу қоя білу қажет. Сондай-ақ той-томалақта түнімен жүріп, даңғаза шудан шаршаған оқушының мектептен алған білімінің бойға сіңе қоюы да екі талай.
«Бала тәрбиесі басты байлығың, кешіксең көретінің қайғы-мұң» деген Абай сөзін қайда қоямыз?
Нұрай ӘБДУӘЛИ,
ҚМУ-дың II курс студенті