Мектеп шатыры қалпына келтірілуде

Аталған мектепке «Қазақстанда энергия тиімділікті арттыру» жобасы аясында Дүниежүзілік банкі және Халықаралық қайта құру және даму банкінің гранттық қаражаты есебінен 2018 жылы 83,7 млн теңгеге энергия үнемдеу бағытында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген.
Тапсырыс беруші «Электр энергитикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (қазақэнергиясараптама)» акционерлік қоғамы (Астана қаласы). Құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Асанас-Дар» ЖШС (Қызылорда қаласы) тарапынан атқарылған.
Қазіргі таңда «Асанас-Дар» ЖШС тарапынан арнайы мамандар келіп, шұғыл қайта қалпына келтіру шаралары бойынша тиісті жұмыстарды атқаруда. Жөндеу жұмыстарына кірісіп кеткен жұмысшы топ зақымдалған шатырды бір апта ішінде қалпына келтіруді жоспарлап отыр.