» » CАПАЛЫ КОНТЕНТ ДЕГЕН НЕ?

CАПАЛЫ КОНТЕНТ ДЕГЕН НЕ?

Қазіргі таңда сапалы контентті құруға аз уақыт кетпейді. Оның үстіне ғаламтордың үлесі артып тұрған заманда кез-келген ақпаратыңыздың өзі санаулы секундтардан кейін ескіріп қалуы ғажап емес. Жалпы ғаламтор сайттарын немесе бейнероликке арналған парақшалардың шығу маңызы осы пайдада жатыр. Басым көпшілігі өз кәсібі жайлы немесе блогерлердің арналары сияқты маңызы зор бағытты таңдайды. Егерде сіздің ұсыныстарыңыз халыққа қызық болса, өзіңіздің аудиторияңыз уақыт санап артқанын байқайсыз. ХХІ ғасырдың адамдарын не қызықтыра алады?
Сіз де басқалар сияқты өз сайтыңызға көшірме жаңалықтарды енгізгіңіз келмейді. Бұнымен қоймай жаңа идеяны табуға да аз уақыт кетпейтіні анық. Алайда қатып қалған қағида жоқ. Егер сіз әлдекімнің контентін пайдаланғыңыз келсе оны тура көшірудің қажеті шамалы. Бірақ оған өз жағыңыздан жаңа дем беріңіз. Мүлде басқаша қылыңыз. Осылайша басқаның идеясын сіз креативті оймен сәндей келе, мүлде басқа дүниеге айналдырасыз.
Қазірі сайттардың бұрынғыдан ерекшелігі өте көп. Мәселен, көп сөздің орнын сапалы суреттер мен видеолар басты. Ұзын-сонар сөздерді ұсынғаннан барлығы жалығады. Орнына сапалы әрі айтқыңыз келіп тұрған ойды нақ суреттейтін суретті қолданған жөн. Егер сіз суретті дұрыс таңдамайтын болсаңыз, кәсіби фотографтардың көмегіне жүгінсеңіз жетіп жатыр. Ендігі кезекте әлеуметтік желінің көмегін пайдаланыңыз. Себебі оның қосар үлесі өте көп. Қай әлеуметтік желіде белсендісіз? Нақты сол бағдарламаны жоғары деңгейде қолданыңыз. Бұл сіздің сайтыңызға пайдасын әкелмесе зиянын тигізбейді.
Өз сайтыңызға белгілі бір тақырыпты орналастырғаннан кейін аудиториямен кері байланыс орната біліңіз. Бұл әртүрлі тақырып болуы мүмкін. Бәлкім сіз өз сайтыңызда жұмыртқаны әзірлеу құпиясы немесе тоқымадан керемет сыйлықтарды жасау сықылды ақпарат жариялайсыз. Және міндетті түрде соңында "Ал енді сіздің кезегіңіз! Жасап көріңіз де маған жіберіңіз" деген сияқты қосымшаны қалдырсаңыз болады. Бұнымен қоса әр материяалдың астында тұтынушылардың пікірі жазылатын орын қалдырыңыз. Оның ешқандай әбестігі жоқ. Бәлкім біреуі мақтап ұнатар немесе өз ойларын ортаға салып, ұсыныстар жасауы мүмкін.
Соңғы кеңес өзіңіздің бағытыңыз жайлы болмақ. Сіз балалар тауарын өндіру саласында немесе той көйлектерін тігу, сапалы сурет түсіру сияқты аумақтың маманы боларсыз. Бұл тұрғыда өзіңіз сүйетін нәрсенің ең актуалды кеңестері мен үлгілерін ұсына білу қажет. Кез-келген тақырыпты санмен байланыстырңыз. Бұл сайт қонақтарына сөзсіз ұнайды. Мәселен, " Мен осы айда табиғат аясында 20 сурет түсіргім келеді" Тұтынушылар олардың барлығын күтетін болады. Ал сіздің пайдаңыз мыңдаған адамға тиетін жанға айналаңыз. Бұның соңы керемет пайда көзіне алып келетінін ұмытпаңыз!
Дамир АМАНГЕЛДІ
16 шілде 2019 ж. 1 226 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031