» » ҚАЗАЛЫДА 334 АЗАМАТТЫҚ ІС ҚАРАЛҒАН

ҚАЗАЛЫДА 334 АЗАМАТТЫҚ ІС ҚАРАЛҒАН

Қазалы аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференция  өтті.
Шара барысында төраға Д.Мұратбекұлы 2019 жылдың 6 айында соттың атқарылған жұмысы жөнінде айтты.
Сот төрағасы Д.Мұратбекұлы  аталған уақытта аудандық сотта 72 тұлғаға қатысты 61 қылмыстық іс қаралғанын, оның ішінде - 19 қылмыстық іс бойынша 19 тұлғаға қатысты айыптау үкімі шығарылғанын, 4 қылмыстық іс бойынша 5 тұлға сот үкімімен ақталып, 25 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталғанын жеткізді.
2019 жылдың 6 айында барлығы - 334 азаматтық іс қаралып, оның ішінде - 184 азаматтық іс бойынша шешім қабылданған, 49 азаматтық іс өндірістен тоқтатылып, 25 азаматтық іс қараусыз қалдырылған, 68 іс бойынша сот бұйрығы шығарылған, медиация тәртібін қолданумен - 36 азаматтық іс,  бітімгершілік келісімімен - 1 іс аяқталған.
Сонымен қатар, аталған мерзімде сотпен 406 тұлғаға қатысты - 406 әкімшілік іс қаралған, оның ішінде 337 тұлғаға қатысты -337 әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылды, 68 тұлғаға қатысты - 68 әкімшілік іс өндірісімен қысқартылды.
 Сондай-ақ, сот төрағасы сот жүйесі имиджін көтеру мақсатында аудандық сотпен тұрақты негізде мемлекеттік және басқа ұйымдармен, БАҚ өкілдерімен кездесулер өткізіп, семинар, брифинг, дөңгелек үстелдер, ашық есік күндері мен басқа да шаралар өткізілгенін атап өтті.
Шара қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауаптар берілді.
15 шілде 2019 ж. 588 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031