50 МЫҢ ТЕҢГЕ


Өткен аптада облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының ұйымдастыруымен Қазалы, Қармақшы, Арал аудандарында пресс-тур өткен болатын. Көптеген кәсіпкерлермен танысып, кәсібі жайлы біраз мәліметке қанықтық. Бір аңғарғанымыз, Арал ауданында қонақ үй бизнесі өркендеп келеді. Үш нысанға бардық, соның екеуі – қонақ үй. Жалпы ауданда 4 206 кәсіпкерлік субъектісінің 3 665-і тұрақты жұмыс істейді. Онда 7 574 адам жұмыспен қамтылған.
    – Өңірлік инвестициялық орталық арқылы ауданнан жалпы құны 55,0 млн теңге болатын 9 жоба қаржыландырылып, 103,5 млн теңгенің 28 жобасы қолдау тапты. Бұл жобалардың басым бөлігі балық шаруашылығы, пластикалық терезе жасау, жиһаз жасау, тігін цехын ашу секілді мәселелерді қамтиды.«Агробизнес» бағдарламасы арқылы мал санын арттыруға бағытталған 105,4 млн. теңге болатын 13 жоба қаржыландырылып, құны 69,2 млн.теңге болатын 13 жоба мақұлданды.«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бағыты бойынша бүгінгі күні аудан бойынша жалпы құны 161,0 млн теңге болатын 5 жоба қаржыландырылса, 115 млн теңге болатын 4 жоба дайындық үстінде.Барлық қаржы институттары арқылы құны           330,1 млн теңге болатын 30 жоба қаржыландырылып, жалпы құны 155,5 млн теңгені құрайтын 44 жоба мақұлданды, – дейді аудандық кәсіп­кер­лік, өнеркәсіп және туризм бөлі­мінің бас маманы Сержан Әуесов.
     "Ай-Жұлдыз" қызмет көрсету орталығы тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде. Кәсіпкер Берік Жандәулетов 200 млн теңге қаражатпен кәсібін кеңейткен. Ол "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы арқылы 60 млн теңге қаражат алған. Бүгінде 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтуда. Бір қызығы, олардың барлығы аудан тұрғындары. "Ай-Жұлдыз" қызмет көрсету орталығында қонақ үй, монша, дүкен, асхана, жанармай бекеті, шұбат-қымыз сататын дүнгершек бар. Жолдың бойында орналасқан орталыққа келушілер көп. Қонақ үйдің ішінен бір шаң немесе шашылып жатқан затты таппайсыз. Барлығы жып-жинақы, тазалығы да тұтынушылар көңілінен шығуда.
    – Біз ең алдымен бағаға емес, сапаға мән береміз. Сондықтан да тазалық – басты орында. Біз тұтынушы тілегін орындаймыз. Сын ескертпелер болса түзетуге тырысамыз. Жолдың бойы болғандықтан келушілер көп. Барлығына дерлік жағдай жасауға тырысамыз. Бұл жерде келушілерге қажетті деген нәрсенің бәрі бар. көлігі жөндеу орталығын салу болашақтың еншісінде. Себебі көлік бұзылып, орталықтан зат алуға кеткендерді жиі көреміз. Мұнда 50 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ ең төменгі жалақы – 50 мың теңге, – дейді меңгеруші Гүлзат Майданбаева.
   Алыс жолға жүргенде шаршайтынымыз жасырын емес. Ең бірінші салқын су іздейміз. Жолда кезіккен дүкеннен керегімізді аламыз. Егер сатушы қабақ шытып тұрса, сауда жасағың келмейді ғой. Ал бізге "Ай-Жұлдыз" қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жылы шырай танытып қарсы алды. Жан-жағымызға қарап, келушілерге жақсы жағдай жасалғанын көзбен  көрдік.
Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА
04 тамыз 2019 ж. 527 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031