8 млрд

   Заман талабына сай қазір пластмассадан жасалған өнім саны еселеп артып, оларға деген сұраныс жоғарылауда. Еліміз жаһандану заманында технологиямен қатар жасыл экономикаға да көңіл бөлуде.
Ғаламтор мәліметтеріне сүйенсек, адамзат қазірдің өзінде 8 млрд тонна пластик өнімін шығарған және бұл көрсеткіш үздіксіз өсуде. Бұл ретте   қалдықтардың көп бөлігі өңделмейді,  қоқыс үйінділеріне жиналып, одан сарқынды суларға түседі. Пластиканың табиғат пен тірі ағза тіршілігі үшін зиян екені және оның толық ыдырап жойылуы үшін ғасырға жуық уақыт керегі мәлім. Пластикалық қоқыс мәселесін өндірісті шектей отырып күресуге болады. Мысалы, Еуроодақта 2021 жылдан бастап пластикалық бір реттік ыдыс-аяқтарды   шығаруға тыйым салынады. 60-қа жуық ел бір реттік пакеттерге ішінара немесе толық тыйым салды. Ал көптеген елдерде тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге жібереді және екінші рет пайдаланады. Бұл салада Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Словения, Австрия жоғары  табысқа қол жеткізді.
Осы тұрғыда менің жақын арада жүзеге асырғалы отырған бизнес жобам «Нан өнімдеріне арналған жарнамалық эко-пакеттер» деп аталады. Біздің экологиялық аймақта тұратынымызды ескерсек, бұл  өте қажет нәрсе деп ойлаймын. Яғни, эко-пакет сыртына кәсіпкер өз жарнамасын ұсынады. Ол эко-пакеттер қала дүкендеріне тегін таратылады. 2014 жылы   құрылған «Asia Genetic Group» компаниясы еліміздің 24 қаласында франшиза негізінде жұмыс істеп келеді. Қазір республика бойынша 1000-ға жуық дүкен эко-пакеттермен жұмыс істеуде. Мен осы бизнесті дамыту үшін облыс бойынша алғашқы болып рұқсат алдым. Бұл жобаның тиімділігі мынада, мысалы бір отбасында 3 адам тұрады деп есептесек, әр тираждан эко-пакет сыртындағы  жарнаманы 100 000-нан 500 000-ға  дейін адам көреді деген сөз.
Алдағы жоспарымызда қаламыздағы сауда дүкендерімен келісімшарт жасасып, эко-пакетті халыққа тегін жеткізу маңызды. Осы кезге дейін мен қоқысты қалдықсыз өңдеу жобаларымен көптеген бизнес байқауға қатыстым. Егер осы жобам халықтың көңілінен шығып, қаламыздың тазалығына пайдамыз тисе, біздің мақсаттың орындалғаны деп білемін.
Асқар ЖЫЛҚАЕВ,
ҚМУ-дың IV курс студенті
19 тамыз 2019 ж. 429 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031