Қорқамын кейінгі жас балалардан

"Менің мектепке барғым келмейді" дейді екен бір танысымның ұлы. Неге олай айтқанын білу үшін достарынан сұрастырса жоғарғы сынып оқушылары қорқытатын көрінеді. Бұндай жайттың жиі кездесетінін де жақсы білеміз. Әйтпесе әлеуметтік желілерде оқушылардың төбелесі тарамас еді. Ұлдар төбелессе жөн ғой. Қаршадай қыздардың "менің жігітім" деп шаш жұлысқанын көргенде жаға ұстайсыз.
Жамағайынымның алты баласы бар. Күйеуі балаларды тастап, бас сауғалап кетіп қалды. Жалғыз басты ана ұл-қыздарын асырау үшін күн-түн демей жұмыс істейді. Ұл ұяға қыз қияға қонғанмен бәрі де ішімдікке үйір. "Бастысы, әрқайсысын үй қылдым ғой" деп күйінген екен ана байғұс. Жағдай қиын. Қай жерден шалыс басқанда аңдау да оңай емес.
Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА