БАҚ-ТА БІРЛІК БАР МА?
8 қыркүйек – Халықаралық журналистердің өзара ынтымақтастығы күні. Бұл күні журналистер ынтымағы мен бірлігін көрсету қажет. Ол бірлік ең алдымен өз құқықтары мен бостандығын қорғауда көрінуге тиіс. Осыған сәйкес елімізде халықаралық журналистердің өзара ынтымақтастығы күніне орай апталық жарияланып, отандық БАҚ өкілдерін бірлікке шақыруда. Дегенмен журналистерге бірлік белгіленген датада ғана емес, күнделікті қажет. Жалпы бізде журналистердің арасында өзара ынтымақтастық бар ма? Осы турасында әріптестердің пікірін білдік.
Ғалия Әженова, "Әділ сөз" ұйымының сарапшысы:
‒ Халықаралық журналистердің өзара ынтымақтастығын бір күнмен ғана атамай, бір апталық эстафета жасасақ деп Facebook қолданушыларға ой тастадық. Елдегі әріптестеріміз белсенді болып, бірі естелігін, бірі афоризмдерін, енді бірі журналист қандай болу керек
деген сауалға өз ойларын білдіріп жатыр. 8 қыркүйекте журналист, публицист һәм сыншы, Чехословакиядағы антифашистік қозғалыс белсенділерінің бірі болған, 1942 жылы тұтқындалып, 1943 жылы жазаланған Юлуис Фучикті еске түсіретін болсақ, ынтымақтастықтың мағынасы өте терең екенін түсінеміз. Ынтымақтастық – әріптестер арасында көзқарасымыз сәйкес келмесе де, түрлі басылымда қызмет етсек те, қоғамға шынайы ақпар жеткізуші ретінде журналистердің бірігуі. Яғни бізге қарсы шыққан тараптарға төтеп беруіміз керек. Олардың көздегені шынайы ақпаратты жасырып қалу. Өкінішке қарай біздің қоғамда мұндай ынтымақтастық жоқ. Себебі біздегі амбициялар жеке бастың мүддесін қорғайды. Бізде принципті сақтау қағидаты төмен. Сонымен қатар "жығылғанға жұдырық" демекші, заң бұзған әріптестерге көмектесудің орнына таптау жиі кездеседі.

Нұрлан КӨБЕГЕНҰЛЫ, "Әлімсақ" журналының бас редакторы:
– Қоғамда журналистердің орны өте үлкен. Ақпарат тасқыны толастамай тұрған бүгінгі күні ақпарат құралдарына жауапкершілік жүгі бірнеше есе артып тұр. Оның үстіне қоғамға жаңа медиа енгелі әлеуметтік желі әрбір тұрғынның күнделікті ойын бүкпесіз айтып, шағымдана алатын ортасына айналғалы негізді-негізсіз, дәйекті-дәйексіз ақпараттар адамның өмір сүру салтына да әсер ете бастады. Осы тұста журналист рөлінің қажеттілігі сезіледі. Ол қажеттілікті ең бірінші журналист сезініп, шынайы, нақты ақпарат таратуға белсенді болуы тиіс. Егер ақпарат кеңістігіндегі өз орнына журналист иелік ете алмаса, онда өзге топтар, мәселен, блогерлер, желі қолданушылар жаулап алады. Бүгінгі көрініске қарап, журналистер белсенділігінің аздығын байқауға болады.
Біздің өңірімізде бұқаралық ақпарат құралдарының саны тоқсанға таяды. Бірақ белсенділері оның үштің бірін құрайды. Сол белсенділерінің
өздерінің басы қосылып, өз еріктерімен бір мәселе төңірегінде кездесуі қиын. Ынтымақтастық деген осыдан басталады. Өткен демалыста халықаралық журналистер ынтымақтастығы күні болды. Бірақ өңірде ақпарат саласында жүрген әріптестеріміз үн қата қоймады. Мен желіде құттықтадым. Мүмкін «халықаралық ғой, біздің қатысымыз жоқ» деген сыңаржақ пікір болған шығар, білмедім. Халықаралық әйелдер мерекесі, халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні секілді даталарда шабылып жүрсек те, өз кәсібімізге қатысты мерекеде селқос болғанымыз рас. Ол бір-бірімізбен белгілі бір деңгейде сыйластықта болсақ та, ынтымағымыздың, бірлігіміздің керемет емес екенін көрсетеді. Оның бірінші себебі әр журналист әр редакцияда жұмыс жасайды, сылтауымызды қу тіршілікке, уақыт тапшылығына әкеп тіреп қоямыз. Екінші, өзара бөлінуіміз, кімнің қай ақпарат құралында жұмыс істейтіндігі, пікір қайшылығы секілді болмашы себептер басымыздың қосылуына кедергісін тигізіп, біріге алмай отырғанымызды жасыра алмаймын. Бірақ сала даму үшін пікірлесіп тұратын орта қалыптастыруымыз керек. Ақпарат кеңістігіндегі өз орнымызды өзіміз алатын уақыт жетті. Уақытты кейін қарай қайтару қиын.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ, "Жаңақорған тынысы" газетінің бас редакторы:
– Аймақта қаламгерлердің әріптестік байланысы қалыптасқан. Бірақ жоғары деңгейде деп айта алмаймыз. Мәселен, газет сайттарындағы шығармашылық байланыс жоқтың қасы. Мысалы, бір газеттің әлеуметтік қоғамдық саяси тақырыпта қозғаған мақаласын енді бірі қолпаштап, идеясын әрі қарай дамыту тұрғысынан әріптестік шығармашылықты жиі байқамаймыз. Өңірдегі журналистердің ынтымақтастық байланысына спорттық т.б жиындардың ұйымдастырылуы көбірек әсер етіп жатады. Облыста ынтымақтастық байланысты арттыруда "Сыр Медиа" ЖШС-ның өз еңбегі бар. Барлық әріптестердің басын біріктіріп, семинар ұйымдастырып, газеттердің шығармашылық әлеуетін талқылап, журналистерді ынтымаққа шақырады.
Ердос БЕРКІНБАЕВ, Сырдария аудандық "Тіршілік тынысы" газеті бас редакторының орынбасары:
– Аға буын журналистер арасында ынтымақтастық бар екені белгілі. Өйткені олар кезінде ел-жер аралап, бір-бірімен байланыс қалыптастырған. Сол ізбен кейінгі жас журналистердің арасында да қарым-қатынас сақталған. Оның үстіне облыстық, аудандық газеттер "Сыр медиа" серіктестігіне топтасқалы бері тілшілер арасындағы ынтымақтастық артты. Бір-бірімен тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру үшін көптеген медиа жиындарға бірге қатысу журналистер байланысын нығайтты. Бұл өз кезегінде шығармашылықтың шыңдалуына септігін тигізуде. Жалпы аймақ журналистері арасында ынтымақтастық болу қажет. Бүгінгідей масс медианың жылдам даму үдерісінде олардың бір-бірімен сол байланыс арқылы тәжірибе бөлісіп отырғаны әсте қажет. Әріптестік байланыстың аймақ журналистикасының дамуына ықпалы зор.
Жарасхан ӨТЕБАЛИЕВ, "Ақмешіт апталығы" газетінің тілшісі:
– Меніңше ынтымақтастық журналистердiң басқаларға өздерінің мемлекеттiк маселелерге үн қоса алатынын көрсету үшiн керек. Басқа жердi бiлмеймiн, біздің өңірде аз болса да әрiптестерiмiздiң арасында ынтымақтастық бар. Мүмкiн ол бәрі бiр университетте оқығаннан шығар. Қазiр журналистердiң ынтымақтастығы аз да болса әлеуметтiк желiлерде көрiнiп жүр. Бiрақ әрiптестерiмiзге жетпейтiні, қиын кезде бiрiге алмайды. Көбi басшыларының көңiлiне қарап жүредi. Ынтымақтастық журналистерге бiр-бiрін қорғап, әдiлетсiздiкпен күресу үшiн керек.
Пікірлерді топтастырған:
Ерасыл ШӘРІБЕК