» » Атқа міну мәдениеті дәріптелді

Атқа міну мәдениеті дәріптелді

  Белгілі атбегі Қожабек Жаппасбаевтың коллекциясында XVIII ғасырда жасалған антиквариат саналатын ер,  өмілдірік, құйысқан, аттың мойнына тағатын алқа бар. Аталмыш коллекциямен тереңөзектік жастар «Атқа міну мәдениеті» атты шарада танысты.
Ұлттық өнерді ұлықтаған шара аудандық ардагерлер кеңесі және «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестіктерінің қолдауымен аудан орталығындағы мәдени-демалыс саябағында өтті. Аталмыш шара барысында ат әбзелдерінен көрме ұйымдастырылды. Көрмеде жас ұрпаққа облысқа белгілі атбегі Қожабек Жаппасбаев тағылымды әңгіме айтты. Ол әр жылдарда сәйгүлік жаратқанда тұтынған әбзелдері жайында сыр шертті. Сондай-ақ ауданға танымал ұста Сәйділда Сәдуақасов шабандоздар үшін соққан мүліктер туралы ой қозғаса, жергілікті қолөнерші Салтанат Мамытаеваның жасаған әбзелдері көрмеге қойылды.
14 қыркүйек 2019 ж. 633 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031