» » Тәрбие тірегі

Тәрбие тірегі

Ақ батасымен айналасын нұрландыратын, жүрегі мейірімнен махаббат жаралған ата мен әже өмір  жайлы шежіре шертетін тірі тарих. Отбасының қос шынары ата мен әженің орны жеткіншек өмірінде алатын орны ерекше.
Адамның тұлғалық болмысы мен қасиеті отбасында қалыптасады. Баланың отбасында алған тәрбиесі ғана еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттырады.  Сол ұлттық тәрбиенің тірегі ата мен әже екені сөзсіз. Ата-әже тәрбиелеген баланың тілі тез шығады, баламен үлкен адамша сөйлесіп әңгіме-дүкен құрады. Себебі олар үлкен кісілердің тәрбиесін көрген бала сөздің парқын біліп, орнымен сөйлеп нық айтады. Немересін баласынан артық көретін ата-әжелер кішкентай қарадомалақты үнемі жанына қастарына ертіп жүреді. Қарияның тәрбиесін көріп, тәлімін алған жас жеткіншектің болашақта сүт бетіндегі қаймақтай болып, тарихта қалатыны сондықтан.
Қазір бала тәрбиесін ғаламтордан іздеп, психолог көмегіне жүгінетін ата-аналар жоқ емес.Өзге елдің салт-дәстүрін санамызға сіңдіргенше, өзіміздің ата-әжелеріміздің жыр дастанын тыңдап өскен бала зерек болмай ма?! Зередей ұлағатты әженің жырын тыңдап өскен Абай қазақтың ұлы ақынына айналды. Көптеген ақын, жазушылар осындай әженің тәрбиесін көріп халық алдында үлгі тұтар азамат атанған. Ендеше бізде ұлағатты ұрпақ тәрбиелегіміз келсе баланы ата-әжесінен алыстатпауымыз керек.
Айсана АЙБЕРГЕНОВА
10 қазан 2019 ж. 587 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031