» » Ақшасыз бизнес бастаудың тиімді жолы

Ақшасыз бизнес бастаудың тиімді жолы

 
Ақшасыз бизнес бастауға болады. Оны жетістікке жеткен кәсіпкерлердің тәжірибесінен байқап көріңіз.
Мен өз ісімді бастағым келеді, бірақ менде жеткілікті қаражат жоқ. Бұл жиі айтылатын сылтаулардың бірі. Бәрінің ойында жақсы идеялар бар, бірақ ешқайсысы оны жүзеге асыруға талпынбайды. Өйткені ол үшін жақсы бизнес жоба мен көп мөлшерде ақша керек. Негізінен табысты кәсіпкерлердің көпшілігі өз бизнестерін алдымен өздері қамтамасыз етеді.
Жұмысыңыз өзіңізге ұнаса, ақшаның көзіне қарамастан шетін шығаруға талпынатыныңыз анық. Сол себепті ақшасыз бизнес бастаудың 4 тәсілімен таныс болыңыз.

1. Сізге көмектескісі келетін сарапшылардың кеңестерін жинаңыз

Мәселен, белгілі бір спортшыны мысалға алайық. Ол спорттық киімдерді жақсы ажырата біледі. Бірақ спорттық киімдер нарығынан мүлдем хабарсыз еді. Ақыры, өзіне осы салада көмектесе алатын кеңесшілерді табуды ойластырады.
Жұмысын табысты ету мақсатында кеңесшілердің айтқан барлық ақылын басшылыққа алып жұмысын бастап кетеді.
Бұдан шығатын түйін: Ол өзіне қажетті пайдалы ақпарат көздерін ашып, ақшасыз басталған бизнесі табыс әкеле бастайды.

2. Сіздің бизнесіңізге қолдау білдіретін адамдарды табыңыз

Сарапшылардың кеңесін жинау барысында, сіздің компанияңызға қолдау көрсеткісі келетіндер міндетті түрде табылады.
Мысалы, сіз ұстахана бизнесін ашқыңыз келді делік. Сіз сарапшылардың пікірлеріне жүгіне отырып, бұрындары ұстахана ашқан табысты адамға жолығасыз. Сөйлесу барысында ол сіздің идеяңызды ұнатады. Сөйтіп ол бизнесіңізді жүргізуге дайын орын тауып береді және қаражат жағынан көмектесетін болады. Сіз одан алған ақшаны келісімшарт бойынша кейінірек қайтаратындай жасай аласыз. Бұл нұсқа, әлбетте, өте тиімді.

3. Алғашқыда жалға алынған немесе пайдаланылған жабдықты қолданыңыз

Мысалы, бір кісі тігін шеберханасын ашқысы келеді. Алайда қажетті жабдықтарды алып, кәсібін бастап кетуге ақшасы жетпейді. Бұндай жағдайда бірден жаңа құралдар сатып алаған соң ғана бастаймын деп шешім шығара көрмеңіз. Бастапқыда қажетті жабдықтарды жалға алуға  немесе пайдаланылған тігін машиналарын аз ақшаға сатып алуға болады.Осылайша өндірістік жұмыс басталып, кәсібіңіз нәсібін бере бастағанда жабдықтарды бірден жаңалай саласыз.

5. Өніміңізді шығармай тұрып сатыңыз

Ең бастысы сіздің өніміңіз сұранысқа ие болсын. Тіпті бизнесіңізді нақты жоспар құрып, жүзеге асырмастан бұрын өніміңізді сата беріңіз. Мысалы, кондитерлік дүкен ашқыңыз келсе, бастапқыда тапсырыстарды үйден дайындап сатуыңызға болады. Сіз бизнесіңізді нақты ашпай жатып, өнім сатудасыз.
Оның пайдасы өте көп. Өйткені кондитерлік дүкен ашылған кезде сіздің бұрыннан келе жатқан клиенттеріңіз болады. Олар өз таныстарына айтқанда сіздің өніміңізге деген тұтынушылардың сұранысы да артпақ.
Бизнес бастаймын деген адамға мың мүмкіндік бар. Тіпті ақшаның жоқтығы да кедергі емес.
09 қазан 2019 ж. 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031