» » Виртуалды сезім – қуыс кеуде

Виртуалды сезім – қуыс кеуде

Біздің ата-әжеміз би алаңында танысып, үлкен өмірге қол ұстасып, қатар аттапты.Ол заманда жігіттер қыздарға ұнау үшін ғана би үйренген екен.
Одан кейінгі буын, яғни әке-шешеміз бір-біріне сезімін хат арқылы білдіргенін айтады. Бір-біріне хат жазып, оның жауабын жүрегі лүпілдей күтіп жүрген оларды біз әсте түсіне алмаспыз.
Ал біз үшін қолайлысы – интернет. Бұрынғыдай табаның тозып билемейсің, үшбұрышты үшбу хат жазып әуреге де түспейсің. Тек суретін ғана көрген сүйіктіңе сырыңды ғаламтор арқылы ақтарасың...
Тіпті қазір интернет арқылы жолданатын смс-тердің де сан түрлі үлгісі бар. Солардың бірнешеуі мынадай үлгіде: «Мені 1 сағатта 60 минут, ал бір минутта алпыс секунд бар деп үйретті. Бірақ, сенсіз өткен бір секунд тұңғиық екенін ешкім үйретпепті», «Егер сен менің жасым болсаң, сені жоғалтып алмас үшін ешқашан жыламас едім. Өйткені, мен сені қатты сүйемін». Жәй ғана көз жүгіртіп оқып шықтық. Күн сайын жүздеген телефонда жүретін осы смс-терге селт ететін жан табылмайтын да шығар?
Виртуалды махабатты зерттеп жүрген психологтар ғаламторда адам шынайы өмірде болсам деген кейіпте отыратынын айтады. Яғни, ол өз қолымен жағымды образ жасап алады. Әр істі бір шалып, әр қыздың басын айналдырып жүрген тұрақсыз жігіт ғаламторда байсалды жан болып көрінуі мүмкін. Ал көлеңкесінен қорқатын сужүректі интернет арқылы ештеңеден сескенбейтін батыр деп білесің. Сол сияқты сараң жігіт қолындағысын шашып жүретін сері бола салады. Өйткені нтернетте адамның өзі емес, суреті сөйлейді.
Интернет арқылы қарым-қатынас жасағанда адамның ішкі жан дүниесі екінші орынға ысырылып қалады. Біз күніне жүз адамды көрсек, оның кем дегенде онымен танысқымыз келеді. Бірақ оны түгілі, бірімен де таныспаймыз. Яғни, өз-өзімізді шектейміз. Ал ғаламторда шектеу жоқ...  
«Интернетке бағынышты адамдар көбіне жаратылысынан тұйық болып келеді»,–дейді психологтар. Шынайы өмірде жұртпен емен-жарқын араласа алмайтын жандар бар қызықты интернеттен табады.
Ал мына бір дерек тіпті таңғалдырды. Интернет арқылы танысқан екеу кездесіп, жүре бастайды. Сосын үйленеді. Бірақ, бір-біріне ақтарылып әңгіме айта алмайды. Тіпті бір үйде жүріп, бір-бірімен интернет арқылы сөйлеседі. Міне, виртуалды сезімнің нәтижесі.  
Виртуалды махабатта ешкім жауапкершілік арқаламайды. Ешкім сезім үшін өз өмірін құрбан етпейді. Бірақ осы құбылыс адамның шынайы өмірде өз тағдырын жасауына кедергі болуы мүмкін. Британия ғалымдары интернет арқылы адамды 3 пайызын ғана тануға болады дейді. Ал бетпе-бет қарым-қатынаста оны жете біле түсесің. Танымы, қоршаған ортаға көзқарасы, мінезі айқындалады. Британия ғалымдарының зерттеуінше шынайы өмірдегі қарым-қатынас арқылы адамды 70%-ға дейін тануға болады екен. Әлбетте, виртуал әлем болған соң, жалған ақпарат көп болатыны рас. Бірақ, виртуал әлемді шынайылыққа айналдырып, шаңырақ көтерген жандар қаншама. Тіптен, агент арқылы танысқанын мақтанышпен айтып отыратын жұптарды да жиі кездестіреміз. Өкінішке орай, әлеуметтік желі арқылы танысқан адамның дерегін толық тексеруге мүмкіндік бермейді. Дегенмен, кейбір адамдарды виртуал әлемнің сиқыры арбағаны сонша, тілдесіп отырған адам туралы мәліметтердің бар-жоғы да алаңдатпауы мүмкін.
Әр адам бақытты болуға лайықты. Бірақ, ол бақыт алдамшы болмысына кім кепіл?!
БАЙСУАН
17 қазан 2019 ж. 437 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031