» » Аралда тұратын ғасыр жасаған әженің 33 немересі, 66 шөбересі бар

Аралда тұратын ғасыр жасаған әженің 33 немересі, 66 шөбересі бар

Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев және аудандық мәслихат хатшысы Дәуренбек Мәдинов Аралқұм ауылдық округінің тұрғыны 103 жастағы Тәжігүл әженің шаңырағында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

   
Ғасыр жасаған әжей еңбекке ерте араласқан. Тылда тер төгіп, одан кейін Райым колхозында зейнет жасына жеткенше балық шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген. 9 баланы өмірге әкелген алтын құрсақты кейуананың бүгінде 33 немересі, 66 шөбересі, 3 шөпшегі бар.
Аудан басшысы Тәжігүл әжейді Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, иығына ақ жаулық жауып, арнайы құттықтау мен сый-сияпат табыс етті. Сонымен қатар, әулетінің ақылшысы, береке-бірлігінің ұйытқысы болып отырған әжейге зор денсаулық пен амандық тіледі.
Өз кезегінде батыр ана мерекемен құттықтай келген ел азаматтарына ақ батасын беріп, елге жасап жатқан қызметтеріне сәттілік тіледі.

20 қазан 2019 ж. 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031