» » «Smart сот» - сотқа қолжетімділікті арттырады

«Smart сот» - сотқа қолжетімділікті арттырады

   
Сот саласында
заманауи технологияларды қолдану қарқыны күшейді. Басты мақсат – заман ағымына сай, қағазбастылықтан арылып, азаматтарды әуре-сарсаңға салмай, дер кезінде қызмет көрсету.
Елбасының бастамасымен сот реформасында тәжірибенің озық үлгілері қолданылып, сот жүйесі уақыт озған сайын халықаралық стандарттарға сай жетістіктерге қол жеткізіп келеді.
Айтып өту керек, республика бойынша барлық сот мәжілісі залдары 100 пайыз дыбыс-бейнежазба қондырғыларымен жабдықталды.
«Smart сот» жобасы заманауи технологияларды сот жүйесіне енгізу және оларды сот ісін жүргізуде қолдану сот ісін жүргізудің тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
         Сот отырысына мобильдік бейнеконференция байланысы арқылы қатысу үшін мобильдік құрылғыға Арр Store немесе Play market арқылы жазылған «TrueConf» қосымшасын жүктеп, сотқа онлайн режимінде сот мәжілісін өткізу туралы жүйеге кіру үшін логин мен құпия сөзді алу қажет.
         «Smart сот» сот мәжілісін айтарлықтай жылдам өткізуге және тараптардың ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл жоба «Сот жүйесінің 7 түйіні» бағдарламасының аясында жүзеге асқан.
Сот процестерін «виртуалды» өткізу, яғни «TrueConf» бағдарламасы арқылы  сот төрелігін жүзеге асырудағы аумақтық кедергілерді жойып, уақыт және материалдық ресурстарды үнемдейді, сот төрелігіне шексіз және ыңғайлы қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Ұялы бейнебайланыстың артықшылықтарының бірі – ұтқырлық. Оны саяхат кезінде, кеңседе, үйде де пайдалануға болады. Смартфон, планшеттік компьютер, тіпті смарт сағат та бейнебайланыс құралы бола алады. Тек арнайы бағдарлама жүктеу қажет. Мәселен, бұрын азаматтың жеке қатысуы қажет болса, енді қазір жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сотқа қашықтықтан қатысуға болады.
Уақыт талабына сай, сот жүйесі өз қызметін жетілдіріп, тиімділігін арттыра түсуді әлі де жалғастыра береді.
Н.Еламанов,
Қызылорда облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының судьясы 
31 қазан 2019 ж. 459 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930