» » Shakenti мен Say Mo-ның жұрттан жасырған сезімдері әшкере болды (фото)

Shakenti мен Say Mo-ның жұрттан жасырған сезімдері әшкере болды (фото)


  Aктер Шәріп Серік пен көпшілікке Say Mo лақап атымен танылған жас әнші Мөлдір Есенбек арасында жақын байланыс бары жайында күні кеше алып-қашпа әңгіме тараған еді.

Әншінің оқырмандарынан келген бұл суреттен аңғарғанымыздай, өнер иелері отбасылық жиында бас қосқан. Ақ дастархан төрінде отырған Shakenti мен Say Moның  арасында өздері жасырып жүрген жылы қарым-қатынастың барын көруге болады. Тіпті, Мөлдір, Шәріпті өзінің отбасымен таныстырып үлгергенге ұқсайды.
Say Mo соңғы сұхбаттарының бірінде сүйіктісінің барып айтып, оның танымал адам екенін астарлап жеткізген еді. Шәріп те, әншімен ара-қатынасы туралы тіс жармағанымен, сұхбаттарында Say Moның өнеріне тәнті екенін тілге тиек ететін. Әзірше, қос әртіс те өздерінің жеке өмірлері жайында ресми ақпарат беруге асықпайтын секілді. Болашақта отандық шоу-бизнеске тағы бір жұлдызды жұп қосылса, таң қалмаңыз!
11 қараша 2019 ж. 1 061 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031