«Біздің ұстанымымыз: адалдық пен парасаттылық!»
Сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатында Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжінде «Біздің ұстанымымыз: адалдық пен парасаттылық!» тақырыбында акция өтті.
Акцияға колледж студенттері белсене қатысып, жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. Шара барысында, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры, заң ғылымдарының магистрі Тұсмағамбетов Жандос Бектайұлы сөз алып «Адалдық пен парасаттылық» туралы және ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауының 9-шы бағытында жемқорлықпен күрес пен заң үстемдігінің маңыздылығы ерекше аталды.
Сондай-ақ, Жолдауда мемлекеттік органдардағы үрдістерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым қатынасын цифрландыру маңыздылығы, атап айтқанда азаматтардың өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуына ерекше мән берілді" - деп қорытындылады.
Шараны облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастырды.