Жағымпаздық

    Кейде бір адамдарға қызығамыз ғой. Түрлі жетістіктерге жетіп, үлкен додаларда оқ бойы озып шыққанын көріп немесе жұмыста өскенін көріп дегендей. Бұны ешкім қызғанбайды. Әркімнің Алла бұйыртқан өз несібесі бар. Бірақ кейбір жандардың жағымпазданып, болмашы нәрсеге ханға игісіз алтын басын, атақ пен мансап үшін жерге игеннін көргенде жағаңды ұстайсың. Шыны сол, қазір мұндайлар біздің қоғамда саңырауқұлақша қапта кетті.
Мұны былай түсіндірейінші. Өткенде бір жақын досым келіп, жұмысындағы атмесферадан әбден діңкәсі құрып, шаршағанын айтты. Яғни істеген жұмысы көрінбейді. Ол былай. Жұмысында өзімен жасты бір жігіт бар екен. Екеуі бір ұжымда ел қатарлы жұмыс істеп жүргенніне біраз болыпты. Әлгі досым бар ынтасымен берілген тапсырманы уақытылы орындап, істе дегеннін істеп қояды. Әрине, басшысы бұны бағалайды, құрметтейді. Алайда жанындағы әлгі әріптесі шалқайып, өз білгенін істеп бұның терлеп-тепшіп істеп жатқан һәм бітірген жұмысына айтарлықтай бас ауыртпайды-мыс. Жұмыс жайы әңгіме болатын жерде ретін тауып өзінің жеке басын әңгіме етіп уақытты өлтіреді. Берілген тапсырманы да жеткілікті деңгейде орындай алмайды. Алайда бір шешімін тауып мәселені шешеді екен әйтеуір. Ойына келетін алғашқы амал – бастықтың көңілін табу. Қарапайым ғана нәрсені түсінбеген сыңай танытып басшысының үйіне хабарласады. Жеке тірліктерін тындырып береді. Ара-тұра сыйлық сыйлайды. Реті келсе де, келмесе де асты-үстіне түсіп мақтай жөнеледі екен. Кәсіби жұмысына келгенде «айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады». Нағыз сын сағатта жаңағы досым өз күшімен, өз біліміне һәм тәжірибесіне арқа сүйеп аман өтетінін айтты. Ал әріптесі «баяғы жартас, сол жартас». Сол қалпы. Еш өзгеріс жоқ.
Кейде іс-әрекеті күлкімді келтіреді. Адам емес маймылға айналып кеткендей. Былайынша айтқанда жиіркенішті. Бірақ ақыр соңында басшым мені емес әлгі әріптесімді менен жоғары бағалайды. Себебі оның өткізіп қойғаны көп, – дейді досым күйініп.
Әлгі сыйлы басшыдан да көңілі қалған. Үйілген қағаздарын жазып, жұмыстың соңында бұл қалады. Әлгі жағымпаз әріптесі жұмысы бітіп, марқайып жүргені сол. Келесіде күні түскен басқа біреуге жағымпазданып, сол ісін тоқтатпайды.
Түйін. Кейде осы өмір көрген салиқалы деген басшылардың өзі адам танымай ма деп ойлаймын. Адамға деген шынайы ықыласпен шектен тыс қошеметтеуді айыру соншалықты қиын ба? Өзі жағымпаздық орын алған ортада адамгершілік құндылықтардың төмендеп кететіні рас қой. Асыл дінімізде бұл жайында «жағымпаздық таныту харам саналады. Басқа тыйым салынған жайттар сияқты жағымпаздыққа да басқа амал болмаған жағдайда ғана жол берілуі мүмкін. Мысал үшін, сенімін сақтау, өмірін сақтауда» делінген. Жағымпазданып өмірді жеңілдеткен не пайда жалпы? Егер екі дүниеде де ол ісің абырой бермесе. Бастыққа жайлы болғанмен елге жайлы болмасаң, Тәңірің қайрылмаса оныңнан не қайыр? Менің айтпағым осы. Ой түюді өзіңізге қалдырайық.
Ақтілек БІТІМБАЙ

13 желтоқсан 2019 ж. 1 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031