» » Қызылордада Билер кеңесінің қорытынды кеңесі өтті

Қызылордада Билер кеңесінің қорытынды кеңесі өтті

 
Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев өңірдің Билер кеңесінің мәжілісін өткізді.
Оның жұмысына облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, Билер кеңесінің төрағасы Зейнула Нұрсейітов, судьялар, Билер кеңесінің, облыстық ішкі саясат басқармасының, «Қоғамдық келісім»  ККМ өкілдері және медиаторлар қатысты.
Қ.Нұрышев пен Н.Байқадамов сөз сөйлеп, өңірдегі Билер кеңесінің даулардың тараптарын татуластырудағы  атқарып жатқан жұмыстарының тиімділігін атап өтті. Олардың құқықтық мәртебесін айқындағы билердің ұмтылысы атап өтілді.
Кеңестің қызметі туралы айта отырып, З.Нұрсейітов өңірде 8 айдың ішінде Билер кеңесінің жәрдемімен сотта және сотқа дейінгі сатыда 131 азаматтық, 19 қылмыстық және 37 әкімшілік іс шешілгенін атап өтті. «Тәжірибе көрсеткендей, билердің қызметі татуластыру арқылы дауларды шешуге және азаматтар арасындағы ұсақ өзара талаптарды азайтуға мүмкіндік береді», деп айтты ол.
Кездесуде Байқоңыр және Арал аудандары Билер кеңесінің өкілдері Жақып Ермеков пен Бұйрабай Бердалиев олар қалай жанжалдасушы тараптарды татуластырғандарын айтып берді, олар татуластырған ерлі-зайыптылар, көршілер, аға-бауырлар мен таныстардың нақты мысалдарын келтірді.
Кеңесті қорытындылай отырып, Билер кеңесінің мүшелеріне куәліктер мен төсбелгілер берілді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі
26 желтоқсан 2019 ж. 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930