Қорытынды

   Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2019 жылдың 12 айының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.
Баспасөз конфернециясын Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б.Елшібеков жүргізді.
Төраға 2019 жылдың 12 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында барлығы 3345 азаматтық істердің қаралғанын, оның ішінде 2649 іс бойынша шешім шығарылғанын атап өтті.
Сот әділдігін жүзеге асырудағы ашықтық, жариялылық принципін жүзеге асыру мақсатында, аудио-бейне жазбасы жазу арқылы барлық азаматтық іс қаралғанын, сондай-ақ барлық талап арыздар «Сот кабинеті» арқылы түсіп жатқандығын айтты.
Баспасөз конференциясы барысында төраға Б.Елшібеков статистикалық мәліметтерге тоқталып, қатысушыларға 2019 жылдың 12 айында 49 азаматтық іс бітімгершілік келісіммен және 73 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылғанын, осы азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж сомалары мемлекеттік бюджеттен талапкерлерге қайтарылды.
Сонымен қатар, соңғы өзгерістерге сәйкес қазіргі таңда сот процестері ВКС арқылы және Smart сот арқылы қаралып жатыр.Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында 2019 жылдың 12 айында ВКС арқылы 41, «TrueConf» бағдарламасы арқылы 151 азаматтық іс қаралды.
Жиын соңында, төраға Б.Елшібеков қатысушыларға алғысын білдіріп, БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына толыққанды жауап берді.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі
17 қаңтар 2020 ж. 491 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031