Smart сот

"Сот жүйесіне заманауи технологиялардың енгізілуі мен қолданылуы сот өндірісін жеңілдету, бюрократиялық кедергілерді жоюға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізеді. Сонымен қатар сот жүйесінің ашық әрі қолжетімді болуына мүмкіндік туғызады", – деді М.Сәрсенов. "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңға өзгерістер енгізілді. Өзгерісте сот просеці ВКС арқылы және Smart сот арқылы қаралады. Үш айдың ішінде ВКС арқылы 8, "True Conf" бағдарламасы арқылы 18 азаматтық іс қаралған. "True Conf" бағдарлама арқылы тараптар әлемнің түрлі бөліктерінде орналаса отырып, процеске смартфон, планшет, ноутбук арқылы қатысады. Аталмыш жобалар сот процесін жеңілдетуге, бюрократтық кедергілерді жоюға, азаматтардың уақытын тиімді пайдалануға септігін тигізуде.
Динар БЕРІКҰЛЫ