» » Аралдағы қорытынды баспасөз мәслихаты

Аралдағы қорытынды баспасөз мәслихаты

    Арал аудандық сотында жергілікті «Толқын», «Арал әлемі» газеттері өкілдерінің қатысуымен 2019 жылдың 12 айында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.
Баспасөз мәслихатында сот төрағасы К.Садуақасова 2019 жылдың 12 айында аудандық сотпен атқарылған жұмыстар туралы баяндап, есепті кезеңде 68 қылмыстық іс, 844 азаматтық іс және 1156 әкімшілік іс қаралғанын, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2019 жылы қаралған істердің саны азайғанын, оның басты себебі, сотта және сотқа дейін тараптардың татуласу құқығын қамтамасыз ететін медиацияның әсері екенін жеткізді.
Қылмыстық істер бойынша қаралған істердің басым көпшілігі орташа ауырлықтағы қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып табылатынын, нақтырақ айтқанда ұрлық, есірткі заттармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу қылмыстары, көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, ал азаматтық істер бойынша қаралған талап арыздардың басым көпшілігін некені бұзу, заңдық маңызы бар фактіні анықтау, алимент өндіру туралы, келісім-шарт қатынастарынан туындайтын даулар, сондай-ақ заңсыз алынған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті өндіру туралы талаптар құрайтынын айтып өтті.
Есепті кезеңде медиация тәртібімен 18 қылмыстық іс, 144 азаматтық іс және 71 әкімшілік іс өндірістен тоқтатылса, 6 азаматтық істің партисипативтік рәсім тәртібімен, 39 азаматтық істің татуласу келісімдерін жасасумен аяқталғанын тілге тиек етті.
Сондай-ақ, төраға сот жүйесіне енгізілген жаңа ақпараттық технологиялар туралы және Жоғарғы Соттың «Түнгі сот», «Виртуалды сот», «Отбасылық сот» сынды пилоттық жобаларының жүзеге асырылуы жайында мағлұмат берді.
Шара соңында К.Садуақасова журналистердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қойған сауалдарына жауап беріп, баспасөз мәслихатына қатысқандары үшін оларға алғысын білдірді.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
14 қаңтар 2020 ж. 346 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031