» » Қазақстандықтар құмар ойынға салынған туыстарын сотқа бере алады

Қазақстандықтар құмар ойынға салынған туыстарын сотқа бере алады

 Қазақстандықтарға құмар ойынға шектен тыс тәуелді жақындарын сот арқылы әрекет қабілеті шектеулі деп тануға мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ойын бизнесі туралы заң жобасына осындай толықтырулар енгізілген.
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова заң жобасын әзірлеу кезінде, ең алдымен, қоғамның, одан кейін ойыншылардың мүддесін қорғауға баса назар аударылғанын атап өтті.
Министрлік заң жобасына адамдарға құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудан өзін-өзі шектеу құқығын беретін норма енгізген.
«Құмар ойындарға шектен тыс тәуелділік бүкіл әлемде психикалық ауру деп танылған. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі де мұны ауру деп танып отыр. Бұл норманың мәні: құмар ойынға шамадан тыс салынып, қарызға белшесінен батқан адам өтініш жазып, өзін-өзі шектей алады. Осыдан кейін оны казиноға да, қандай да бір ұтыстарға, интернет казиноға да қатыстырмайды», – деді Райымқұлова.
Заң жобасын талқылау барысында депутаттар бұл норманы кеңейткен. Мәжілісмендер туыстарының өтініші бойынша сотпен құмар ойынға шектен тыс салынғандардың әрекет қабілетін шектеуді ұсынып отыр.
Райымқұлованың айтуынша, бұл норма үкіметпен және мемлекеттік органдармен келісілді.
«Өкінішке қарай, елімізде лудоманиямен (құмар ойынға тәуелділік) ауыратындар туралы статистика жоқ. Бірақ, қазір осындай он бір дерек расталып отыр. Олар лудомания диагнозымен дәрігерге жүгінген», – деді министр.



13 мамыр 2020 ж. 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031