Қашықтықтан бейнебайланыс арқылы өткізілетін сот отырысы
Қашықтықтан бейнебайланыс арқылы өткізілетін сот отырысына келетін болсақ, жаңа технологияларды қолдану арқылы электрондық қылмыстық істер мен қашықтықтан бейнебайланыс арқылы өткізілген сот отырыстары да бар. Сот жүйесінің дамытудың жеті басым бағдарламасында көзделген сот жүйесінде инновациялық технологияларды қолданып, цифрландыру өз нәтижесін беріп, тиімділігін күнделікті дәлелдеуде. Қызылорда қаласының №2 соты мен Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментімен келісім жасалып, сотталғандардың уақыты мен мемлекеттің қаражатын үнемдеу және істерді қарау мерзімдерін жеделдету мақсатында «True conf» бағдарламасы арқылы онлайн тәртібінде жүргізу қолға алынып, ЗК-169/1 ММ-сі мен ЗК-169/5 ММ-сі мен қазіргі таңда қылмыстық іс құжаттары қаралып, оң нәтиесін беруде.
Сонымен қатар, Қызылорда қалалық пробация қызметінің де қылмыстық іс құжаттарында да ұялы телефонымен бейнебайланыс арқылы сот отырысына қашықтан қатысады және қатыса алады. Бұл бастама оң нәтиже беріп, қазіргі таңда Қызылорда қаласының №2 сотының ішкі мәліметіне сәйкес жыл басынан бері осы күнге дейін шамамен 206 қылмыстық іс құжаттар түсіп, оның ішінде 173 қылмыстық іс-құжаттар онлайн режимде және «Мобильный ВКС» арқылы қараған.
Сот процестерін «виртуалды» өткізу сот төрелігін жүзеге асырудағы аумақтық кедергілерді жойып, уақыт және материалдық ресурстарды үнемдейді, сот төрелігіне шексіз және ыңғайлы қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Қорыта келе, қашықтықтан бейнебайланыс арқылы өткізілетін сот отырысы ұялы бейнебайланыстың артықшылықтарының бірі - ұтқырлық. Оны саяхат кезінде, кеңседе, үйде де пайдалануға болады. Смартфон, планшеттік компьютер, тіпті смарт сағат та бейнебайланыс құралы бола алады. Тек арнайы бағдарлама жүктеу қажет. Мәселен, бұрын азаматтың жеке қатысуы қажет болса, енді қазір жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сотқа қашықтықтан да қатысуға болады.
Қызылорда қаласының №2
сотының бас маман –сот
отырысының хатшысы
Б.Абдуали