Медиация – бабалар дәстүрінің тиімді жалғасы
«Жақсының қасиеті - жарастыру, жаманның қасиеті - таластыру» -деген аталы сөзді басшылыққа алып, жақсылыққа қарай қадам басып келе жатқан еліміздің құқықтық саясатын одан әрі жетілдіру үшін медиация қызметін дамытудың маңызы зор.
Ата-бабаларымыздың осы сөзінің жаны бар екендігіне көз жеткізген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 2009 жылдың 19 қарашасында өткен судьялардың Х сьезінде: «Сот тәртібімен қаралуға жататын даулардың санын, оларды шешудің баламалы тәсілдерін, соның ішінде татуластыру процедурасын және медиацияны енгізу арқылы қысқарту өте маңызды. Бұл біздің сот жүйесіне қалпына келтіру сипатын беретіні анық» - деп атап көрсетіп, 2011 жылдың 28 қаңтарында қабылданған «Медиация туралы» Заңының алғы шартын жасаған еді.
«Медиация туралы» Заңының қабылдануы Қазақстанда дауласу деңгейін төмендету, әділ сотты дамыту бағытында жасалған қарымды қадам болып табылады.
Медиация латын тілінен «mediation» делдалдық, ағылшын тілінде «mediation» дауды шешу жолында тараптардың өзара әрекетке түсуін жүзеге асыру дегенді білдіреді. Кәсіби медиатордың көмегімен және ерекше іс жүргізу жағдайлары бойынша дауды шешудің мүмкіндігі мол. Дауласушы тараптар сотқа жүгінгеннен гөрі кәсіби медиаторға баруды жөн санайды, өз кезегінде медиатор тараптарды тыңдап, дауды шешудің оңтайлы жолын ұсынады.
Медиация өз бастауын көне заманнан алады. Оның ішінде өзіміздің тарихымызға көз салатын болсақ, бүгінгі таңдағы медиаторлардың атқарып отырған жұмыстарын дауларды шешу, екі жақтың мүддесін қанағаттандыру және тағы басқа жұмыстарын сол кездегі билер алқасы жүзеге асырған.
Медиация азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да құқықтық қатынастарға байланысты, ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданылады. Медиацияның мақсаты – дауды шешудің медиацияның екі тарапынан да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету болып табылады.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматтық істер бойынша медиация тәртібімен татуласу тәжірибесі кеңінен белес алып жатқандығы байқалады.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 2019 жылдың 12 айында 16 азаматтық іс және 691 талап арыз түсіп, іс жүргізу аяқталған. Оның ішінде бітімгершілікке келуіне байланысты 6 іс, партисипативтік тәртібімен 1 іс және медиация тәртібімен 38 азаматтық іс аяқталған.
Медиация тәртібімен аяқталған азаматтық істерге тоқталып өтсек. Ерлі-зайыптылар 2014 жылы 3 шілдеде заңды некеге тұрған. Ортақ некеден ер бала және қыз балалары бар. 2019 жылдың 7 сәуірінде отбасылық ұрыстан соң, балаларды шешесі алып кетіп қалғаны анықталған. Кейіннен некені бұзу туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Осы аралықта аз уақыт болса да, балалардың әкесі өзінің балаларымен кездесіп тұрған. Сонымен қатар, Арал аудандық білім бөлімінің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның шешімімен әр айдың сенбі-жексенбі күндері сағат 10:00 ден 18:00-ге дейін балалармен кездесіп тұруға уақыт белгіленген. 6 маусым әкесі ұлының туған күніне орай, Қызылорда қаласынан тапсырыс бойынша тәттілер алдырып, шаңырағында дастархан жайып, ата-әжесімен бірге тойласын деп ойлаған. Алайда, бұрынғы келіншегі балаларды бермей, уәкілетті органның шешімімен келіспей, ұрыс-керіс шығарған. Сотта талап қоюшының талабы кәмелетке толмаған балаларын әр айдың бірінші және үшінші апталарының сенбі күндері сағат 10:00 мен 18:00 аралығында әр айдың екінші және төртінші апталарында сенбі күні сағат 15:00 женсенбі күні сағат 18:00-ге дейін қонуға сұраған.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2019 жылдың 4 шілдесінде жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімен бекітіп, іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым қабылдаған. Осылайша, тараптардың дауласу деңгейін төмендетіп, даудың екі жақты да қанағаттандыратын шешіміне қол жеткізу болып табылды.
2019 жылдың 21 қарашасында Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және Қызылорда қалалық әкімдігі келісімімен қалалық әкімдіктің жанынан «Отбасылық кеңес» ашылды.
Отбасылық кеңестің мақсаты - неке және отбасы институтын нығайту, тараптардың құқықтық білімдерін жетілдіру, тоқырауға ұшыраған отбасыларға психологиялық тұрғыдан кеңес беру, отбасылық мәселелер төңірегінде туындайтын мәселелерді шешуде көмек көрсету болып табылады. Аталған отбасылық кеңесте медиатор, адвокат, психолог, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің өкілдері отбасылық дауларының алдын алу бағытында жұмыстар атқарып келеді.
Бұған қоса, 2020 жылдың 13 қаңтары күні қаламыздың №172, №176, № 278 мектептерінде «Дауды сотқа дейін, соттан тыс шешу» комиссиясы құрылды. Комиссияның мақсаты - мектепішілік дау-дамайларды сотқа дейін жеткізбей шешу болып табылады.
Сондай-ақ, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Медиация кабинеті» және «Отбасы орталығы» ашылған. Аталған орталықта соттың инспектор-психологы тараптармен жұмыс жасайды.
Отбасы орталығының мақсаты – отбасын сақтау, қоғамдағы дауласу деңгейін төмендету мақсатында тараптарға отбасылық дауларды татуласу рәсімдерін қолдану арқылы реттеуге көмек көрсету болып табылады. Сонымен қатар, орталықта сотқа келген балаларға психологиялық зерттеу жүргізіліп, тараптарға психологиялық кеңес жүргізіледі.
Өзімнің тарапымнан соттың ішкі жұмыс жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстарыма тоқтала кетсем, ағымдағы жылдың басынан бері «Болашақ» университеті /колледжі/, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі, Қызылорда қаласының жоғарғы медициналық колледжі, М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғарғы колледжі, «Атамекен» отбасылық, балалар ауылы, Қызылорда облыстық девиантты мінез-құлықты арналған мектеп интернатында кездесулер өткіздім. Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың арасындағы әкімшілік, қылмыстық құық бұзушылықтардың алдын-алу, «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының сот жүйесіне қатысты бөлігінде көрсетілген ақпараттық-жұмыстарымен, «Отбасылық сот», «Татуласу сотқа дейін,сотта» пилотттық жобаларын таныстырдым.
Қорыта айтқанда, медиация қызметі – қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата-бабалар тағылымымен, әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған игі қадамның бірі. Медиацияның тиімділігі мол деп есептесек қателеспейміз. Сондықтан, елдегі медиация институтының дамуына мемлекеттік билік органдары барынша қолдау көрсетіп, институттың кең құлаш жаюына ықпал етіп, атсалысулары қажет деп санаймын

Қызылорда облысының
кәмелетке толмағандардың
істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының бас маманы
Д.Тайыров.